Жұма, 3 Мамыр 2024
Дей салдым-ау 3032 72 пікір 24 Қаңтар, 2024 сағат 15:56

Зеленскийдің Жарлығы: «Орыс әлемі» саясатына жауап

Зеленский Жарлық шығарды.

Соборлық күніндегі өз құттықтауында Украина президенті В.Зеленский: «Бүгін біз Украина мен халқымыздың соборшылығын нығайту үшін ғана емес, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтардың соборшылығын, украиндықтар туралы шындықты, біз туралы шындықты және біздің тарихымыз туралы шындықты нығайту үшін қадамдар жасауға тиіспіз. Осы мақсатта мен бүгін «Ресей Федерациясының украиндар тарихи тұрғыдан қоныстанған аумақтары туралы» жарлыққа қол қойдым, - деді.

Оның айтуынша, бұл ‑ Украина болашағы үшін тарихи шындықты қайтару. Сонымен бірге, бұл ‑ әлемді соғыс жағдайына алып келген ресейлік «Орыс әлемі» саясатына жауап. Құжат Украина мемлекет басшысының сайтында жария етілмегенімен, біз оқырмандарымызды Жарлықта айтылғанмен қысқаша таныс етпекпіз:

Ресейдің Кубань далалық аймағында, қазіргі Краснодар өлкесінің шегінде, Белгород, Брянск, Воронеж, Курск және Ростов облыстарында жергілікті тұрғындардың көпшілігі украиналықтар екені белгілі. Сондықтан, осы Жарлыққа сәйкес, ол аумақтарда тұратын украиндардың ұлттық бірегейлігін сақтау жөніндегі іс-қимыл жоспарын енгізу туралы қаулы қабылданды.

Сондай-ақ, Жарлыққа Ресейдегі этникалық украиндардың тарихи тұрғыдан қоныстанған аумақтарында тұратын (тұрған) украиндарға қарсы жасалған қылмыстар туралы фактілер мен куәліктерді жинау және зерделеу туралы арнайы бап енгізілді.  Ол Украиндарға қарсы жасалған саяси қуғын-сүргiндер мен депортацияларды ашық көрсету, сол арқылы жергілікті украиндардың тарихи жадын қалпына келтiру және сақтау, мәжбүрлеп ресейлендiру саясатының бет пердесін ашу көзделеді. Осы көрсетiлген мәселелер бойынша орталық құру туралы шешім шығарылды.

Ал, Зеленский Жарлығының кең мағынадағы мақсаты мынада:

‑ Ресей Федерациясының Ресейдегі қазіргі украиндар мен құлдыққа алған барлық халықтардың тарихы бойынша дезинформацияға және насихаттауға қарсы іс-қимыл жұмысын жандандыру;

Украина туралы ресейлік «аңыздардың» нацистік мазмұны мен агрессиялық сипатын әшекерелеу мен оны өзгертуге бағытталған іс-шараларды дайындау және өткізу;

Украиндар мен бүгінде Ресей құлдықта ұстап отырған барлық халықтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту;

Әртүрлі тарихи кезеңдерде Украина мемлекетінің тарихын, бүгінгі этникалық украиндар мекендеген аймақтар мен Украинаның мемлекеттік құрылымдары арасындағы тарихи байланыстарды қалпына келтіру;

Сол туралы материалдарды дайындау және оны Украинада және әлемде таратуды қамтамасыз ету;

Ресей Федерациясының шегіндегі тарихи елді мекендерде этникалық украиндардың шынайы тарихын оқу орындарының оқу бағдарламалары мен оқулықтарына енгізу;

Міне, осылай, бүгін «кекілділер» деген атпен аты шыққан ерлер ерледі. Олар өздерінің Отанын қорғауда жанкештілігімен әлемге үлгі болып отыр. Осыған қарай отырп, бір кездердегі үшан‑қиян жерінен айырылған алаш жұрты да осындай «Жарлық» шығаруға дәті бара ма, бармай ма деп те ойлайсың...

Оны уақыт көрсетеді, енді...

Abai.kz

72 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 605
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 352
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 350
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 356