Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
1106 0 пікір 29 Сәуір, 2024 сағат 14:27

TEO CUP XIII пікірсайыс турнирі өтеді

Коллаж: Abai.kz

Республиканың пікір сайыс қозғалысында ТОП чемпиондарды шығарған «Таңдаулы Экономистер Одағы» Жоғары Пікір сайыс Мектебінің  20 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде, топ спикерлермен ауқымды пікір сайыс турнирі өтеді.

Мамырдың 4-5 жұлдызында Нархоз университетінің қабырғасында республикалық маңызы бар жастар ұйымы «Таңдаулы Экономистер Одағы» Жоғары Пікірсайыс Мектебінің ұйымдастыруымен өтетін республикалық TEO CUP XIII пікірсайыс турниріне еліміздің 9 облысынан 300 қатысушы мен 1500ға жуық көрермен жиналады.

Пікір сайыс - өте дамыған қоғамдық қозғалыс, әрі қоғамды дамытушы негізгі құрал болып табылады. Бұл ортаға жиналған жастар, интелектуалды бағытта дамып, өздерінің жеке ойларын еркін жеткізіп, 21 ғасырдың бәсекелестігі талап ететін қасиеттерге ие болады.  Дәл осы жастармен қоғамның негізгі фундаменті қаланады.

Осы мақсатта жұмыс істеп жүрген жастар ұйымының  қатарында ТЭО ЖПМ ерекше орын алады. 2004 жылы негізі қаланған бұл ұйым, 20 жыл бойы қоғамды қалыптастырушы жастар платформасы болу үшін қызмет етуде. Дәл қазіргі уақытта ұйымның Қазақстан бойынша 300ге жуық түлегі қоғамның дамуына барынша ат салысуда.

Олардың қатарында  UIB университеті бизнес мектебінің директоры, тәуелсіз сарапшы, экономист Халық Мақсат, тележүргізуші, Maqsat Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан, ҚР экономика саласындағы қаржыгер мен сараршы Жалғасбек Ақболат және т.б қоғам қайраткерлері бар. Турнирдің барысында қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер мен олардың тиімді шешу жолдары талқыланады. Екі күндік пікір сайыс турнирінде мектеп оқушылары мен студенттер мемлекеттік тілде әлемдік деңгейде кең қолданысқа ие БПФ (Британдық Парламенттік Формат), АПФ (Американдық Парламенттік Формат) және ЛД (Линкольн Дуглас) форматтарында бақ сынасады.

Басқа да ақпараттармен @teodebate парақшасы арқылы таныса аласыздар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2494
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2103
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608