Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Саңлақ 2049 1 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 12:06

Азиада 2023: Қазақстан алғашқы алтынды алды...

Азиада 2023-те Қазақстанның әйелдер командасы стенд атудан оқ бойы озық шықты, - деп хабарлайды ҚР Спорт және туризм министрлігі.

Қазақстан командасы Ханчжоуда өткен XIX Азия ойындарында алғашқы алтын медаль жеңіп алды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.

Айта кетейік, отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларын артқа тастады.

«Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар жарыс рекордын да орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді.

Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 257
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 125
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 119
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 103