16 Қыркүйек, 2014 сағат 14:36
Тылсымның жұмбағына құлақ асып, Жөнелді жүрегімнен жыр адасып. Қара тер боп қиналдым тілге келмей, Жан сөзім ауызымнан шыға қашып.
15 Қыркүйек, 2014 сағат 11:06
Түн ортасында Нью-Йорктен Буэнос – Айреске аттануға тиісті айлапат кеменің үсті абыр-сабыр еді... Сапарлас жолдасым, қарап тұрмай, бір әңгімені бастады...
9 Қыркүйек, 2014 сағат 13:48
- Товарищ Жындыбаев, бұл серьезный науқан, мұның политический значениесі бар. Так что мен сенемін, бұл науқанды провалит» етпессіз, - деген. - Менің командировкаға шыққаным жалғыз бұл емес, талай тығыз науқандарды да дүрілдетіп орындап шыққан көкеңмін, нақа болмай бара жатса мәселені қабырғасынан қойып жіберуден де тайынбаймыз, - деп Желдібай өкілдің қолын ұстап, қысып-қысып қойғанда, өкілдің қолын сындырып жібере жаздады.
8 Қыркүйек, 2014 сағат 12:03
Қамаудың хан ауылы қыр жағында, Аңқытып ақ орданың бір жағында. Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп, Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.
31 Тамыз, 2014 сағат 00:28
Біз ол кезде құрбым Жауһар екеуміз қаланың шетінде пәтер жалдап тұратынбыз. Түнгі клубқа, таныс жігіттер шақырған кештерге бармай, үйде кітапқа көміліп жатып, болашақ ханзадамыз туралы қиялдаймыз. Кафеде танысқысы келген жігіттерге мойын бұрмай екеуден екеу отырамыз.
29 Тамыз, 2014 сағат 13:04
Аспан мен жерді жалғап жаттанды күн, Сол күннен сыр суырып ақтардым үн. Ең басты қателігі адамдардың, Білмейді қайда бара жатқандығын.
20 Тамыз, 2014 сағат 11:50
Осы әңгіменің нобайы Орал қаласының аэропортында қойын дәптеріме түсіп еді. Ақпанның аяғы, наурыздың басы болса керек. Алматыға ұша алмай отырмыз – түтеген боран. Көз аштырмайды. Басты кейіпкердің аты да сол жерде ойыма сарт ете қалды. Орал облыстық телерадиокомитетінің төрағасы Наурыз Сыдықов деген аса тәрбиелі, инабатты ағамыз бар еді – сол кісінің есімін сюжетке таяныш еттім. Әрі қарай оқиға өз арнасын тауып жүре берді.
11 Тамыз, 2014 сағат 01:12
Мен Астанаға Торғай өңірінен оң-солымды танып үлгермеген 17 жасымда білім қуып келген едім. Ол кезде қаланың ел ордасы ретінде құрылып жатқанына үш-ақ жыл болған.