Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
1012 3 пікір 10 Мамыр, 2024 сағат 16:44

Құлыбаев Лондондағы мүліктерін сата бастады

Коллаж: Abai.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев өзінің Лондондағы жылжымайтын мүлкімен қоштасқалы жатыр.

Financial Times газетінің хабарлауынша, олигарх Лондонның Букингем сарайынан бірнеше минут қашықтықта орналасқан Мейфэр ауданындағы өзінің сәнді жылжымайтын мүлік нысандарының бірін 34,7 миллион фунт стерлингке сатқан екен. наурыз айының соңында North Wind Capital компаниясы аталған ғимараттың жаңа иесі атанды.

Сатып алушы турасында тарқата айтатын болсақ, North Wind - Deutsche Bank жылжымайтын мүлік саласындағы ерекше жағдайлар жөніндегі топтың бұрынғы директоры Бен Уильямс негізін қалаған жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялық топ. Тимурдан сатып алған нысанды аталған компания қайта жаңартуды жоспарлап отырған жайы бар.

Кезінде тегін келетін ағыл-тегіл ақша көзден бұлбұл ұшқандықтан Құлыбаев Аппер-Гросвенор-стрит, 42 мекен-жайындағы көршілес учаскені сатуға тырысып жатыр. Бірақ Тимекеңнің жағдаймен жақсы таныс адамдардың айтуынша, оны сатып алушы әлі табылған жоқ.

Лондонның орталығындағы екі жылжымайтын мүлік нысаны жиырма жылға жуық уақыт бойы оның жылжымайтын мүлік портфелінің бір бөлігі болып табылады. Осы уақыт аралығында Аппер-Гросвенор-көшесіндегі № 41 үй бос қалып, үйсіздер мәселесін шешу науқанына қатысушылардың ашуын тудырып келді.

Ұлыбритания үкіметі жылжымайтын мүлікке иелік етудің ашықтығы мәселелерінде қатаң шаралар қабылдағаннан кейін, Құлыбаев өткен жылы Британдық Виргин аралдарындағы Merix International Ventures компаниясының иесі ретінде тіркеліп, заңның алдын ормақшы болды. Осы компания иесі ретін оған Аппер-Гросвенор-стрит бойынша 41 үйіне тиесілі болып саналды. Ал желтоқсан айында - Люксембургте орналасқан Vitala Investment Holdings компаниясының соңғы бенефициарлық иесі болып табылатын көрсетілгендей, аталған үйге жапсарласы Аппер-Гросвенор-стрит, 42 мекенжайындағы үйдің иесі де болып саналады.

Жоғарғы соттың құжаттары мен меншік туралы есептерге сәйкес, Аппер-Гросвенор көшесіндегі 41-үй 2007 жылы 25,8 миллион фунт стерлингке, ал Аппер-Гросвенор көшесіндегі 42-үй сол жылы 12 миллион фунт стерлингке сатып алынған.

2007 жылы Құлыбаев Беркширдегі Эндрю ханзадаға тиесілі Саннингхилл паркін де сатып алды. Бұл мәміле ол сұралған бағадан 3 миллион фунт артық төлегеннен кейін назар аударды.

Енді осы ақшалар таза ма, әлде ұрланып жырланғанба со жағы тереңдете қаузалмауы үшін Тимекең сатып құтылып, ақшасын басқа шығу тегін тексермейтін елдерге аудармақ дейді сарапшылар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2507
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1680