Жұма, 21 Маусым 2024
1032 2 пікір 17 Мамыр, 2024 сағат 17:55

Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

Сурет: ktk.kz

Мемлекеттік бюджеттен ақша жымқырып, заңсыз әрекеттер жасаған Әнуарбек Жексенғалиевтен 4,7 млрд теңге мүлік тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агентігі оның ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқанқаны үшін мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылғандығын мәлімдеді.

Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 млрд теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды.

Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған. Ол сондай-ақ ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру және жылыстату әрекеттері 2019-2022 жылдар аралығында іске асырылды. Ол жер телімдерін сатып алып, құрылыс компанияларына өткізіп, пайдалануға берілген үйлерден сыйақы ретінде пәтерлерді алып отырған.

Жексенғалиевтен мемлекет кірісіне тәркіленген мүліктің сомасы 4,7 млрд теңгені құрайды.

Abai.kz

 

2 пікір