Сенбі, 18 Мамыр 2024
Ақмылтық 1562 12 пікір 4 Мамыр, 2024 сағат 21:22

Ресей мен Украина: Қазақстан келіссөзші бола ма?

Сурет: ВВС сайтынан

«Үңгірдегі ұлтшылдық» саяси атауының егесі, бүгіндері Ресейдегі қазақ елшісі Дәурен Абаев «ТАСС-қа» көлемді сұхбат беріп, Қазақстандағы русофобия, АЭС құрылысы және Қазақстанның өзге елдермен әскери әріптестігі туралы тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітіпті.

Аталған сұхбаттағы ең маңыздысы тұсы - тілшінің: «Қазақстан Украина мен Ресейге келіссөз алаңын ұсына ма?» - деген сұрағына: «Біз бейбіт келіссөздерге алаң ұсынуға дайынбыз», - деп жауап беріпті.

Сурет: azattyq-ruhy.kz сайтынан

Тілші: «Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Армения мен Әзербайжан арасындағы даулы мәселелерді реттеу үшін Қазақстанда байланыс орнату бастамасын көтерген болатын. Ал Қазақстанның Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша қандай да бір делдалдық әрекеттерге қатысуы мүмкін бе? Астана осындай жұмыс үшін алаң бола ала ма?» деп сұрайды.

Бұған Қазақстан елшісі Дәурен Абаев: «Сөзсіз, Қазақстан әлемге қатысты барлық үдерістер бойынша әрқашан көмектесуге дайын. Бұл тек Ресей мен Украина ғана емес, Сирия мәселесі бойынша, Иран мәселесі бойынша, Армения мен Әзербайжан бойынша да солай. Алаң ұсыну, қандай да бір жағдай жасау... әрине, біз дайынбыз.

Өздеріңіз білесіздер, қазір түрлі бастамалар көп. Және Ресейдің қатысуынсыз бұл үдерістер мүмкін емес деген түсінік бар. Әрине, бұл үдерістерде Ресейдің пікірін әрқашан ескеру керек. Әрине, мен айтқандай, біз делдал болуға емес, алаңды ұсынуға, қандай да жағдай жасауға дайынбыз.

Келіссөзді бастау өте маңызды. Тіпті, мен қазір Ресей мен Украинаны емес, жалпы кез келген қақтығысты айтып отырмын, жай ғана сөйлесе бастау өте маңызды. Бұл адамдардың қандай да бір келісімге келе бастауының алғашқы қадамы.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы аясындағы халықаралық құқық және барлық процестерді жүзеге асыру қағидаттарын берік ұстанады. Біздің ұстанымымыз айқын», - деп жауап береді.

Қазір жұрттың ызу-қызу талқылап жатқаны осы тұсы.

Қазақстанның ұсынысын Әзербайжан мен Армения қабыл алды. Егескен екеудің СІМ басшылары, мамырдың бел ортасында Алматыда жолығады.

Ал Украина мен Ресей бұндай ұсынысты қабыл ала ма? Ол жағы күмәнді. Сіз не дейсіз?

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2140
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2324
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653