Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3691 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 15:04

Жоңғар атауларына не жорық?

Соңғы жылдары қызмет бабымен Жетісу мен Әулиеатаның біраз жерлерін араладым. Сапарда жүріп осы аумаққа орналасқан қаншама жер-су, елді мекен аттарының тарихына қанықтым. Атаулардың астарына тереңірек үңілсем, қос өлкенің өткен тарихы мен оны жауларынан сақтап қалған батырларына жасалып келген көптеген орынсыз қиянатқа қарыным ашып, қолыма еріксіз қалам алып отырмын. 
Бұ қазақты қойсайшы… Күні бүгінге дейін баяғы сол кең қолтықтығымен, осыншама жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен жоңғар басқыншыларынан қорғап қалған ержүрек батыр бабаларының аттарын ұлықтау орнына, өз бабаларының әруағын мұқатқандай, жекпе-жекте басын алған дұшпандарының есімдерін әспеттеп, олардың аттарымен қаншама жер-су, елді мекендерін атап отыр. Мұны қалай түсінуге болады? Сонда, мұндағы жергілікті тұрғындар мен оларды басқарып отырған әкім-қаралар күні бүгінге дейін қайда қарап келген?
Мысалы, Ұйғыр ауданының орталығы – Шонжы. Бұл аздай осы ауылда №4 Шонжы орта мектебі бар. Шонжы есімі жергілікті тұрғындардың да, оқушылардың да мақтанышы. Сонда келешек иесі жастарымызға дейін есімін осыншалықты әспеттейтін Шонжы деген кім ? Ауданда осы күнге дейін бұл мәселені түбегейлі зерттеген бір адамның болмауын қалай түсінуге болады?

Менің тарихтан білетінім Шонжы қазақтың Шығыс Жетісуына басқыншылық жасаған жоңғар қонтайшысы Ғалдан Бошықтының бас қолбасшысы. Қол астындағы 10 000 жауынгерімен қасиетті Қарқараны мекен еткен Албан тайпасын жер бетінен жоқ етуге ұмтылған ата жауымыздың қас батыры.
Бұл масқара емес пе? Сонда осылайша өзімізді табалап, дұшпанымызды бағалау кімнің жұмысы? Ұлттық намыс, ұлттық абыройымызды сақтау қайда? Бұл елді мекен өзінің шын тарихи атауымен аталатын болса «Шонжы өлген» немесе осы Шонжыны жекпе-жекте жер жастандырған «Әлмерек батырдың жайлауы» аталуы тиіс қой.
Дәл осы жағдайға байланысты Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданын айтуға болады. Аудан орталығы Қордай асуына орналасқан. Бұл асу кезінде Шынтақ асуы аталған. Ал Қордай кім? Қордай да кезінде жоңғар басқыншыларының 20 000 қолын басқарған бас қолбасшысы. Жаудың бұл батырын да Әлмерек батыр Шынтақ асуында жекпе-жекте өлтірген. Асу содан «Қордай өлген» асуы атанған. Осы екі дерекке назар аударсақ, елді мекенге атау беруде «өлген» сөзі алынып тасталып, сол арқылы қазақ батырлары әруағының намысына тиер қиянат жасалған.
Енді мына жайға назар аударыңыз. Жоңғардың осы екі бірдей бас қолбасшысын жекпе-жек ұрыста жер жастандырған әйгілі Әлмерек батырдың өткен жылы 350 жылдығы атаусыз өтті. Мен бұл мәселені республикалық басылымда екі рет көтердім. Тіпті «Әлмеректің оралуы» атты жинағыма да енгіздім. Осы күнге дейін «Ләм-мим» деп үн қатқан жан баласы жоқ. Халқым-ау, біз кім болып барамыз осы. Әлмерек абыздың тарихтағы өз орынын алып беруге, не өзінен өрген ұрпақтың, не үкіметтің талпыныс жасамауын қалай түсінуге болады?..
Айтсақ намыс қайнайды. Әйтпесе, Алматы облсындағы Боралдай, Шамалған, Шарыш, Шүңгіл, Аңырақай, Сапсай, Доржы, Дауа,Серін атаулары түгел дерлік Жоңғар батырларының аттары емес пе. Бәрі де осы күні бір-бір елді мекеннің атын алып отыр. Ал елімізге нәубет болып келген жауыздардың басын алып, жер жастандырған Жетісу мен Әулиеатаның нағыз халық батырлары Сырымбет, Төлес, Хангелді, Өтеген, Бөлек, Түрікпен, Өтеғұл, Жәнібек, Биеке, Олжай, Ажыбай,Малай, Қасқары т.б. қас батырлар есімін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Сүйектері қайда қойылғаны де белгісіз. Сонда бұл қандай әділдік?
Тіпті Наурызбай батырдың 300 жылдығында батырға өзі жекпе-жекте жанын алған жоңғар батыры Шамалғаннның атымен аталатын екі ауылдан орын табылмай, Алматыға кірер үлкен жолдың бойындағы биік төбешікке ескерткішін қоюмен ғана шектелдік. Қазақ үшін Наурызбай кім, Шамалған кім? Осыны салмақтап таразылауға өреміз жетпеген соң, өзімізге де обал жоқ ау…
Ең қинап жаныңа бататыны – дұшпандарымыздың есімін жер-су, елді мекендерге бергенде ешкімнен тарихи жөн-жосыққа орай ақыл кеңес сұрамаған мемлекеттік мекемелер мен әкім қаралардың әрекеті. Әйтпесе, өз егемендігін алған еліміздің тарихи атауларын қалпына келтіру, қиянатпен қойылған атаулардан арылту, ең алдымен осы құзырлы мекемелердің төл міндеті емес пе?..
Бірақ осы шаруа, әлі күнге нақтылы қолға алынбай отыр. Сонда, екі облыс басшылары мен елді мекен тұрғындарына ойланатын кез келген жоқ па? Біз осыған жауап күткіміз келеді.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ, жазушы.
“Ана тілі” газеті 23 мaмыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 614
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 363
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 364