Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Абай.tv 3010 3 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 16:12

Несие кешіріле ме? Үкімет не дейді, депутат не дейді?

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына мемлекет қандай көмек көрсетеді? Суға кеткен, қираған немесе зақымданған тұрғын үйлер қалпына келтіріле ме? Суға кеткен аймақтардың тұрғындарының несиесі кешіріле ме? Қандай жеңілдіктер жасалады?

Бұл сұрақтарға бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауап беріпті. Бүйдейді:

ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектенов – Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі. Ол бүігн Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексеріп, зардап шеккен тұрғындарға көрсетілетін көемктер туралы айтты.

Бектеновтің тұрғын үйлерді қалпына келтіру туралы екі аузы сөзі:

Бірінші: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды».

Екінші: «Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін».

Несие берешегі бар азаматтар туралы: «Әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды», - деді.

Айта кетейік, осыған дейін су басқан аймақтардың тұрғындарының несиелік берешектерін кешіру туралы Мәжілістегі «Ақ жол» партиясының депутаты Асқар Садықов мәселе көтерген еді.

«Су басқан аймақтардағы мал бағып, малмен айналысып отырған шаруалардың барлығы дерлік кредиттерін жаба алмай отыр. Қазір депутаттық сауал дайындаймыз. Ондағы шаруаларға 3 жылға несиелерін тоқтатуды Үкіметтен талап етеміз. Қазір ол жақтағы шаруаларға көмектесуіміз керек. Су тасқынына байланысты Төтенше жағдай жарияланған аймақтардың шаруаларына сондай мүмкіндік беруіміз керек. Үкімет осындай қиын кезде көмек қолын созуы тиіс. Мал шығыны өте көп», - деген болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар