Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 1088 9 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 14:54

Президент Тоқаев Өзбекстанға сапарлап барды...

Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды

Қазақастан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Үргеніш қаласының әуежайында қарсы алу рәсімі:

Суреттер Ақорда телеграм арнасынан алынды

Президент Тоқаев Өзбекстанға не үшін сапарлап барды? Екі ел президенттері қандай келісімдер жасамақ? Алдағы уақыта аталған сапар жайлы егжей-тегжейлі мәліметтер ұсынатын боламыз.

Президент қазақ-өзбек тандемі өмірлік қажеттіліктен туғанын және бірге әрі жұмыла әрекет еткенде ғана елдеріміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуге болатынын жеткізді.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың 2034 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау бастамасын қолдады.

Кездесуде президенттер өзара тауар айналымын ұлғайту, энергетика, көлік, су шаруашылығы және IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты экономикалық ықпалдастықтың сан алуан мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды өркендету, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның бірегей туристік әлеуетін пайдалану мүмкіндіктеріне айрықша мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар