Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
1344 0 пікір 26 Сәуір, 2024 сағат 17:25

Көліктерді тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Енді басқа аймаққа көшіп, тұрғылықты жерді ауыстырған жағдайда өзіндегі нөмірді ауыстырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, біркелкі санмен жазылған қымбат нөмеріңізді жақын туыстарыңыздың атына қайта рәсімдеуге болады. Бұл өзгерістер туралы Ішкі Істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Сонымен қатар, өтініш жазу арқылы, бір отбасының мүшелері бір-бірінің нөмірін емін-еркін ала береді. Сондай-ақ, жеңіл көліктер мен мотоциклдерге жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті түрде көлік мектептерінде оқу керек. Себебі, аталмыш А, В санатына жататын екі көлік түрі жол апатына жиі түседі.

Көлікті өз атыңызға тіркеу процесі де жеңілдеген. Енді құжаттар мемлекеттік органдардың дерекқорынан алынады. Сондай-ақ, алаяқтықтың алдын алу үшін автокөліктерді сату-сатып алу келісімін нотариалды куәландыру керек.

"Дәл осы мақсатта көлікті бастапқы тіркеу немесе кузовты ауыстыру, қайта жабдықтау немесе оның түсін ауыстыру барысында міндетті түрде криминалистер тарапынан көліктің тексерілуі енгізілді. Жалпы 53 түзету қабылданды. Олар ағымдағы жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енді", – деді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Сурет: kolesa.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1777
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395