Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
1189 0 пікір 26 Сәуір, 2024 сағат 16:23

Су тасқыны: өңірлердегі ахуал қандай?

Коллаж: ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлер су тасқыны жағдайы бойынша тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облысы

ТЖМ хабарлауынша, өңірде жағдай тұрақталған. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасқан. Төтенше жағдайлар  және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.

Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.

Атырау облысы

Жайық өзенінің мониторингі жалғасып жатыр. Судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында  бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген  күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда.

Жалпы есеп

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам,  3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1595
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1246
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1214