Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Тамыр 817 12 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 14:29

Шежірені білу – ұлттық рухытың тазалығы!

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Шежірені білу – қанның, тілдің, діңнің, ділдің,
ұлттық рухытың тазалығы

Редакциядан: Астана қаласында ‑ бәлкім қазақ халқының тарихында тұңғыш рет ‑ «Шежіре күні» атап өтілді. Оны өткізуші кейінгі кезде ұлттық құндылықтарды жастарға түсіндіріп, сол арқылы болашақ ұрпақтың ұлттық болмысын қалыптастыруға салиқалы қызмет етіп жатқан «Елорда билер кеңесі» қоғамдық бірлестігі мүшелері – еліміздің қадірменді ақсақалдары. Бүгін осы іс‑шара туралы ақпаратпен бөлісеміз:

30.03.2024ж., Астана қаласы Абай атындағы №87 мектеп – лицейінде «Шежіре күні» өтті. Шежіре –  ұлттың қан тазалығы, халықтың азбай көбеюінің негізі. Тәлім-тәрбиелік мәні зор және ынтымақтыққа, бауырмалдылыққа шақырады. Ата-баба, ұрпақтар бірлігінің негізі.

Рухтың мықтылығы  шежіре білуде, яғни өткен тарихыңды білуде жатқанын ескеруіміз қажет. Шежіре - Қазақ халқының атадан балаға мирас боп келген қасиетті аманатының бірі. Шежіре - халқымыздың қасиетті мұрасы. Қазақтың тоз-тоз боп кетпесіне кепіл де болған – Шежіре..Ол  - ұрпақтың үрім-бұтағына  дейін біліп, жеті атаға шейін қан арластырмай, (кейде он, он екі атаға дейін) қыз алыспай ұрпақтың таза өсуін көздеген халық даналығы. Сондай-ақ, «Жеті  ғасырын  білмеген – ұлт емес, жеті атасын білмеген – қазақ емес», «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Тегін білмеген – тексіз» деген аталы сөздер қалдырған да қазақ. Қайсысы болса да ру намысын күйттейтін сөз емес, ер намысын дүйттейтін сөздер.Елдікті, бірлікті қорғайтын сөздер. XXI  ғасырдың басынан бастап, Қазақтың заманы туды. Халықтың ұлттық санасы өсті. Ел-жұрт жақсы мен жаманды, парасат пен парықсыздықты, адал мен арамды айыра білді. Халық өз тарихына, тереңде жатқан ата-тегінің шежіресіне бойлай бастады. Бұл халқымызды біріктіреді.

Қазақтың дәстүрі бойынша әрбір адам өзінің жеті атасын білуі міндет. Сол жеті ата төмендегідей аталады:

Баласы.

Әкесі.

  1. Атасы.
  2. Өз атасы.
  3. Арғы атасы.
  4. Ұлы атасы.
  5. Түп атасы.
  6. Бабасы.
  7. Тегі .
  8. Руы.

Баласы  мен Әкесі, Жеті ата (7 ата) шежіресіне қосылмайды.

Қазақ халқы осы ретпен қанын араластырмай, ұрпақтарын таза ұстауға әрекет еткен. Өзара құдандаласу тек сегізінші ұрпақ жүрежаттан басталуы керек. Бірде он ата, бірде  он екі ата деп те айтылып жүр. Жәрдем Кейкінің  «Қазақы атаулар мен байламдар» кітабында былай деп жазылған:

  1. Әке.
  2. Бала.
  3. Немере.
  4. Шөбере.
  5. Шөпшек.
  6. Немене.
  7. Туажат.
  8. Жүрежат.
  9. Жекжат.
  10. Жұрағат.

Бұл әкеден тараған ұрпақтың аталуы болуы  керек.

Бәріміз, қазақ  халқының, келер  ұрпақтың  денсаулығын ойласақ, халқымыздың шығу тегін қарастыруымыз керек, ол үшін шежіре білуіміз     керек. Қазір, қазақ үшін жаңғыру, қан тазалығы аса қажет. Қазақ тілін, дінін, ділін, жерін, мәдениетін қорғау – міндетіміз. Халықтың санын өсіру - қарызымыз. Ұлттық сананы қалыптастыру – парызымыз.

«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз ер жігіт үшін ауыр сөз болған. Жетімін де, жесірін де ешкімге телміртпеген. Сондықтан, ата-анасы ер балаға ата – тегін  білуді – парызы еткен. Сонымен қатар, ұл бала жеті  жұртын да білуге міндеттеген. Оны қазақтың төмендегі мақалынан байқаймыз.

«Жеті  атасын  білген  ер, жеті жұрттың  қамын жер.

Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер». демекші, халқымыз тәлім-тәрбие мәселесін от басы – ошақ қасымен шектеліп қалмауын қадағалаған. Ел қорғаудағы тәрбие ер баланың құлағына туғанынан бастап құйылған. Жақсы ұл тәрбиесі әкеге сын болған. Анасына мін болған. «Қазақ қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым» жасап отырған.  «Ер жігіттң екі сөйлегені өлғен» - деп, бір сөзді болуын да қадағалаған, тәрбиелеген.

Жеті ата (жеті жұрт) жөнінде филология ғылымдарының докторы, профессор (марқұм) Алма Қыраубаева  төмендегідей ата таратуды көрсетіп кеткенін еске түсірсек.  Олар:

  1. Өз атасы  (бір жұрты),
  2. Нағашы атасы (бір жұрты)
  3. Кіндік атасы (бір жұрты)
  4. Сүндет атасы (бір жұрты)
  5. Пір атасы (бір жұрты)
  6. Өкіл атасы (бір жұрты)
  7. Қайын атасы (бір жұрты).

«Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер» деген. Еліне жау тисе, Ер жігіт осы жеті жұрттын жаудан қорғауға міндетті. Рухы мықты Қазақ деген халықты жоюға Ресей империясының да, кеңес үкіметінің де шамасы жетпеді. Тегін білмейтін Иван болып кете жаздадық. Мәңгүрттеніп кеттік оны жасыруымызға да болмайды. Тегін жоғалтқан тексіз аталуы да осыдан. Егер, қазақ жастары ата – теген білмей өссе, санасыз тобырға айналып кететінін ескеріп отыруымыз керек.   Русь – дегеннің өзі, русыздар қауымдастығы екені белгілі.

Біз Ұлы Даланың ұлағатты ұрпағымыз. Қарға  тамырлы  қазақпыз.   Шежіре таратуды отбасында дұрыс жолға қойылуы қажет. «Жаман ұл – еліне қас болады, Жақсы ұл – еліне бас болады – дегендей жасқы ұлды отбасынан тәрбиелесек, олар: туған елі мен дос-жарандарына адалдығын; қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді қадыр-қасиеттілігін; тылсым сырды ұға алатын зейін-зердесін; биікке бастап шығатын білімін; өмірден сыбағасын әперер өнерін; аяқтан шалғанды жыға алатын қайрат-қуатын; ел басқаратын, дау шешетін қабылетін; кара қылды қақ жаратын әділеттілігін; қаймықпастан, тура айтатын шыншылдығын; жау жүректілігін мен шешен тілділігін.

Осындай қатаң талаптар ер жігітке қойылған. "Орнында бар оңалады" - дейді атам қазақ. «Жақсы сөз, жарым – ырыс». Текті, таза қанды қазақ ұлты, болашақта Дүниенің Алтыншы (6) Даму баспалдағын басқарады. Яғни, Түркі бірлестігін басқарады! Алға! Көк аспан астында туып – өскен, Бөрі жүректі «Көк бөрінің» ұрпақтары. Алға! Ұлы Қазақ даласының Ұлағатты Азаматтары! Жаратқан иеміз жар болғай!

Әнуарбек Қайкенұлы ЕРАЛЫ

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет қайраткері, «Елорда билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы 

Abai.kz

12 пікір