Сейсенбі, 28 Қараша 2023
Аласапыран 1638 11 пікір 25 Шілде, 2023 сағат 13:05

Украина: Қырым көпірінің көзін жоямыз!

Осы және аптадағы орыс-украин соғысындағы әлемді дүрліктірген екі оқиға болды.

Оның біріншісі – дүйсенбі күнгі самғауыттардың (дрондардың) шабуылы нәтижесіндегі жарты аралдағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс, екіншісі – өткен аптаның сейсенбісі күнгі Қырымдағы қару-жарақ қоймаларына жасалған шабуылдар болды. Бұл жаһандық БАҚ назарын өзіне мықтап аударды.

CNN телекомпаниясына берген сұхбатындағы Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковтің: «Қырым мен Қырым көпіріне одан ары соққы беруді үдете түсеміз», - деген дәйексөзі әлем жұртшылығының көп нәрсеге көзін ашып берді.

«Аталған барша нысандарды зақымдау – олардың бізге қарсы соғысу мүмкіндігін азайтып, Украинаның өмірін сақтап қалуға көмектеседі», - деді Резников.

Одан ары CNN тілшісінің: «Украина Қырым көпірін толық тас-талқан етуді мақсат тұта ма?» деген сұрағына:

«Бұл жауыңның логистикалық шебін бұзуға бағытталған қалыпты тактика ретінде, оқ-дәрі, жанар-жағармай, азық-түлік, басқаларын жеткізудің жолын түбегейлі кесу. Сондықтан біз осы тактиканы оларға қарсы қолданамыз», - деп жауап берді.

Енді бізге әліптің артын бағып, Украинаның өз жау қолындағы аймағын қалай аз шығынмен азат етуіне куә болу ғана қалды.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі демократия негіздері

Досым Омаров 989
Ғибырат

Тараздың Құрметті азаматы

Нұрлан Мәлікұлы 1344
Жазылған жайдың жалғасы...

Көңілбайдың «Amanat-ы» ақ екен...

Ауыт Мұқибек 2231