Жұма, 29 Қыркүйек 2023
1126 0 пікір 19 Мамыр, 2023 сағат 18:09

Қазақстан мен Өзбекстан бірге әскери жаттығу өткізді

Ташкент әскери округы полигонында Өзбекстан мен Қазақстан қарулы күштерінің арнайы бағыттағы бөліктерінің бірлескен "Қалқан-2023" жаттығуы аяқталды. Бұл туралы "Газета.uz" басылымы Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.  

Әскери жаттығуға екі елдің қорғаныс министрі де қатысып, бақылаған. Онда жауынгерлер шекара қызметінің ықшам тобының күштерімен бірлесіп шартты дұшпанды жою әрекетін көрсетті. Бұл мақсатта дронды қолдану арқылы, "дұшпанның" ықтимал жасырынған жері анықталды.

Бұдан соң "дұшпан" жасырынған жерге соққы жасалды.

"Бірлескен жаттығу барысында жауынгерлер жоғары деңгейдегі дайындығын, ынтымағын және қойылған тапсырманы нақты атқара алатынын көрсетті", - деп жазылған Өзбекстанның қорғаныс министрінің мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Бағлан Ташимов 2343
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм. Ұлы қолбасшылар...

Бейсенғазы Ұлықбек 2128
Ақмылтық

Билік мыңқ етпеді

Ғаббас Қабышұлы 2501