Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Ақмылтық 2406 1 пікір 1 Мамыр, 2023 сағат 16:02

Нұрлан Ноғаевқа үшбу хат!

Маңғыстау облысының әкімі

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев мырзаға!

Құрметті Нұрлан Асқарұлы!

Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай қалаларының автокөлікпен халықаралық жүк тасымалдаушы кәсіпкер азаматтары өздерінің жүк тасымалы саласындағы күннен күнге қиындап бара жатқан жағдайларын қаперіңізге бере отырып, төменде баяндалған мәселелердің шешімін табуына ықпал етуіңізді сұрайды.

Маңғыстау облысында автокөлікпен жүк тасымалдау саласын дамытуға ешқандай көңіл бөлінбейді десек артық айтқандық болмайды.

Еліміздің ЕВРАЗИЯ материгінде, Логистикалық тұрғыдан қарағанда өте қолайлы географиялық орналасуына қарамастан бүгінгі таңда отандық жүк тасымалдаушылардың мүддесін қорғайтын экономикалық саясаттың болмауынан жүк тасымалдаушы кәсіпкерлер зардап шегуде, мемлекетіміз қазынасына түсетін қаржысынан айырылуда.

Маңғыстауда, өңіріміздегі Теңіз айлақтары (Морпорттар) арқылы келетін жүк тасымалдарының негізгі бөлігі РЕСЕЙ, ТҮРКИЯ, ӨЗБЕКСТАН транспорт компанияларының еншісіне кетуде, біздер соларға болмашы сомаға жалданып жұмыс істеуге мәжбүр болып отырмыз.

Біздің жүк тасымалдаушы кәсіпкерлеріміз соңғы 4-5 жылда қиындықтарға қарамастан (автокөліктердің , қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар майлардың қымбаттауы) біраз жетістікке жеткен болатын. Жаңадан Халықаралық жүк тасымалдау бағыттарында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтап, жүк тасымалдаудың қыр-сырын меңгере бастаған.

Бірақ Үкімет тарапынан қолдаудың өз дәрежесінде болмауы, күн сайын туындап отырған әр түрлі кедергілер тасымалдаушыларды тығырыққа тіреуде және сол себепті де осы хат арқылы сізден осы мәселеге көңіл бөлуіңізді сұрауға мәжбүр болып отырмыз.

Қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты, алдағы 10-15 жылда Азиядағы жүк тасымалдау бағыты, (Европа – Түркия – Иран – Түркіменстан – Қазақстан..., Транскаспии,) үлкен қолдауға ие болатынына негіз бар және соңғы кезеңде теңізбен, құрлықпен болсын жүк тасымалының көбейуі осыған дәлел.

Қазіргі бағытпен осы «пирогтан» өз үлесімізді ала алмай қалуымыз мүмкін.

Сондықтан біздің тасымалдаушылардың мүддесін бүгін қорғап, осы саланы дамыту аса маңызды және аталған мәселелерінің шешілмеуі тек жүк тасымалдаушылардың жұмыссыз қалуына әкелмейді, бұл жағдай тұтыну тауарларының және азық-түліктің, 95 проценті сырттан тасымалданатын біздің облысымызда бағаның шарықтап, үлкен әлеуметтік қиыншылықтардың туындауына себеп болатыны сөзсіз.

Оның үстіне Маңғыстауда жұмыссыздық күннен күнге түйінін шешуі қиындап бара жатқан үлкен мәселеге айналып бара жатқанын есепке алсақ, үкіметтен мұнайшы жұмысын сұрамай, өздері Ақтау, Жаңаөзен, Жетібай тұрғындарына, 200-300 адамға жұмыс тауып беріп отырған жүк тасымалдаушы кәсіпкерлердің қолдау көрсетуді, ол саланы дамытуды талап етуі заңдылық.

Бір сөзбен айтқанда, облысымыздағы жүк тасымал мәселесін кешенді түрде шешу Маңғыстаулықтар үшін де, жаңа Қазақстан болып өзгеруіміз үшін де бүгінгі күннің талабы.

Жоғарыда атап өткен жағдайларды қаперіңізге бере отырып Маңғыстаулық жүк тасымалдаушылардың талаптарын жеткіземіз.

1. Үстіміздегі жылдың 02.2023 ж. бастап  күшіне енген, ҚР ИҚДИМ 13.12.2022 ж. №715 бұйрығы – тасымалдаушыларға халықаралық жүк тасымалдаушыларға берілетін куәлігін және автокөліктерге берілетін рұқсат картасын 10-15 анықтама тапсырып 2 жылдан соң беруге шығарған заңнамалық өзгерістері (осы уақытқа дейін бір күнде беріліп келген ) Маңғыстаулықтардың ғана емес, еліміздегі осы саладағы кәспкерлердің наразылығын тудыруда. Аталған өзгерістер жүк тасымалдау саласының дамуына кедергі болуда. Мұны ойлап табушылардың Шет елдік рұқсат Бланкілерімен (ИБР, Дозвол), айналысатын алып-сатарларға тосқауыл қою және Қазақстанға тіркеліп алып еліміздің атынан жұмыс істеп жатқан компанияларға тосқауыл қою деп түсіндірген болатын. Бұл мәселені басқаша шешуге болар еді деп ойлаймыз. Мысалы біздер, Маңғыстаулық тасымалдаушылар, алып сатарларды өздеріміз анықтап сататын ШРБ (дозволдарын) алмай, олардың сатуын тоқтаттық. Ал Ресейдің, Беларуссияның мекемелерін елімізде тіркеуді заңнамалық түрде тоқтату керек. Себебі олар өз еліне салынған санкцияны айналып өту мақсатында жасап отыр. Сондықтан көрсетілген өзгертулерді жүк тасымалдаушы кәспкерлердің мүддесіне қайшы, белгілі бір топтардың мүдесін көздеген шара деп есптейміз және қайта қарауды талап етеміз.

2. Кенеттен 28,3% ке (230-295 тг/л) жуық қымбаттаған жанар май бағасын, 5% көлемінен асырмау. Бұл қымбаттату еліміздегі Май құю бекеттерінің (АЗС) белгілі адамдардың жеке билігінде екенін ескерсек ескі жүиенің мүдделерін қорғау деп санаймыз. Батыс елдерінде жанар майды 5%-ке қымбатсыту үлкен толқуларға әкелетінін белгілі, сол жағдайды көксегендердің ісі болмаса, бұл қарапайым халыққа түсініксіз. Ал тілге тиек етіп отырған алып-сатарларды қатаң жазаға алса өзінен өзі тоқтар еді. Осы уақытқа дейін қолданылып келген, Шетелдік көліктер үшін лимитті түрде жанар май бағасы 450-500 тг/л болуы – құптарлық шара, ол елдер бұл бағаға өз елдерінде үйренген және экономикасы осыған сай және отандық тасымалдаушыларға өзге тасымалдаушылар алдында артықшылықтар береді.

3. Қазақстан Республикасының және Түрікменстан, Иран Үкіметтерінң арасындағы халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдау келісім шарттарына мүмкіндігіне қарай Қазақстандық жүк тасымалдаушылардың мүддесін қорғайтын өзгерістер енгізу мәселелерін қарастыру.

4. Уақытша ғана шешілген (01.01.2024 ж. дейін) Қазақстандық көліктердің Темір-Баба кеден бекетіндегі бейтарап аймақтан қайта тіркеу арқылы шет ел тіркемелерімен Қазақстанға, Евроазия экономикалық қоғамдастығы елдеріне (ЕврАзЭс) жүк тасымалдау мәселесін толықтай шешу.

5. Халықаралық, Жаңаөзен –Темір-Баба тас жолына асфальт төсеу мәселесін қарастыру (70 км).

6. Шетелдік жүк тасымалдаушыларға Жаңаөзен-Жетібай-Бейнеу-Атырау-Орал тас жолдарын ақылы қылып және Отандық автокөліктерге тегін күйінде калдыру. (себебі, бұл жолдар еліміздің салық төлеушілерінің қаржысына салынған). Бұл отандық тасымалдаушыларға, өзге елдің тасымалдаушыларының алдында, артықшылық береді.

7. Тиісті мемлекеттік ұйымдардың Түркімен тасымалдаушыларының елімізге кіріп-шығу визаларын қатаң бақылауға алуын талап етеміз. Себебі түркімен елінің тарапынан бізге қойылатын талаптар өте көп, визалары да қымбат, олар мұны өз тасымалдаушыларының мүдделерін қорғау шарасы деп есептейді.

Аталған жағдайды ескеріп түрікмен тасымалдаушыларына да тең дәрежеде талап қойылуы керек.

8. Жүк тасымалының жұмыстарына қатысы бар мемілекеттік мекемелердің басқару ұйымдарында отандық жүк тасымалдаушылардың мүддесін өзге елдердің алдында қорғай білетін, қалыптасқан жағдайларды батыл, сараптап шеше білетін мамандармен алмастыруды талап етеміз. Бұл жағдай облысымыздың кәсіпкерлер палатасына да қатысты деп есептейміз, бұл мекеменің басшысының «жұмыскерлігі» сондай, ол адамның кім екенін де білмейміз.

9. Облысымыздағы автокөлікпен жүк тасымалдау жұмыстарын өркендету мақсатымен, Кәсіпкерлер палатасы мен тасымалдаушылар арасындағы байланысты күшейту, жүк тасымалына қатысы бар мемлекеттік мекемелермен жиі семинарлар өткізу. Обылысымызда КазАТО мамандарының қазақ тілінде оқыту курстарын ұйымдастыруын талап етеміз. Бұл ұйымға мүше болу үшін жұмсалатын жарна көлемін (2 млн. тенгеден асатын) екі есеге азайту мәселесін шешу.

10. Бүгінгі таңда Қытай елімен визасыз қарым-қатынас жасау бағытында жасалып жатқан шараларды үзілді-кесілді тоқтатуды талап етеміз.

11. Қазақстан-Қытай шекаралық кеден бекеттеріндегі автокөліктерді электрондық кезектерге қоюға қатысты қалыптасқан жағдайды тиісті министрліктермен шешу жолдарын қарастыруды талап етеміз.

Хатымызды қортындылай келе, жоғарыда көрсетілген қиындықтар автокөлікпен жүк тасымалдау саласындағы қордаланған көп мәселелердің бір бөлігі екенін айта келіп, біздің басты сұрауымыздың мәні, жасап жатқан жұмысымызға кедергі келтірмей, оны дамытып, жалғастыра беруімізге, еліміздің экономикалық өркендеуіне шамамызға қарай өз үлесімізді қосуымызға заң аясында жағдай жасалса екен деген тілегімізді назарыңызға алып, тиісті шарасын алуыңызды сұрау.

Маңғыстау облысының автокөлікпен жүк тасымалдаушы кәсіпкерлері

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 554
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 289
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 310
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 319