Жұма, 3 Мамыр 2024
Күбіртке 2503 0 пікір 12 Сәуір, 2023 сағат 12:45

Ойын құмарлықтың жарнамасы тыйылмай тұр!

Қазір біздің елде букмекерлік кеңселер мен лото-клуб секілді орындарға барып, қомақты ақшаны бәске тігіп, жеңіл жолмен байып кетуді армандаған адамдардың көбейіп кеткендігі анық байқалады.

Алматы қаласындағы психологиялық оңалту орталығының психологы Айдос Ибрагимнің айтуына қарағанда, мұндай адамдарды қатты аурулар қатарына жатқызуға әбден болатын көрінеді. Мұның асқынып кеткені соншалық, қазір аталмыш орталықта мұндайларды емдейтін бос орын да қалмапты. Ал емдеу процесі тым ұзаққа созылып, дұрыс нәтиже шығуына ешкім де кепілдік бермейді.

Ал енді мұндай ойындарға құмар жандардың есі кеткені соншалықты, маңдай термен келген ақшаны қалайша далаға шашып жатқандығына мүлдем есеп бермейді екен. Айдостың айтуынша, олар орта есеппен 20-30 миллион теңгені әлгіндей кеңселерге ың-шыңсыз бере салатын көрінеді. Біреу тіпті, 500 мың долларға дейінгі ақшаны да ұтқызып жіберген.

Жалпы, мұндай ойын құмарлық ішімдікке, тіпті, есірткіге құмарлықтан да жаман екендігі әлдеқашан дәлелденген. Мұндайлар «әне, ұтамын, міне, ұтамын» деген есек дәмемен өмір сүреді. Сөйтіп, ерен байлыққа кенелмегенімен, жап-жақсы өмір сүруді арман етеді. Сосын осы жалған үмітінің соңында өмірін өткізеді. Бір жаман жері, олардың ойын құмарлыққа тәуелді болғаны соншалықты, нашақор секілді кез-келген ұрлыққа баруға дайын. Тіпті, үйіндегі дүние-мүлкін, оны аз десеңіз тіпті басындағы жалғыз баспанасын да сатып жібереді.

Бұл қауіпті құбылыстың кең етек жайып кетуінің бір себебі - елімізге белгілі адамдарының әлгіндей букмекерлік кеңселерді жарнамалауында жатқандығынан. Айдостың пікірінше, бұған аңқау де сенгіш адамдар имандай иланып қалады. Оның аяғы миллионлаған ақшасын айдалаға шашып, отбасының орасан зардап шегуіне әкеліп соғады. Оған әлгіндей жарнамашылдардың тіпті де, жаны ашып жүргендігі байқалмайлы. Ал өзгесі-өзге, аты әлемге жайылып кеткен, «Грэмми» сыйлығының лауреаты, халқымыздың мақтанышына айналған дерліктей Иманбектің де осындай күмәнді істермен айналысып жүргендігін немен түсіндіруге болады?

Психолог осындайларды айтып, қиналады. Біз де Иманбектің бұл қылығын түсіне алмадық. Сірә дағы, атақ пен байлықты екінің бірі көтере алмайтын шығар.

Жайберген Болатов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 655
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 428
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 391