Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2263 0 пікір 22 Қараша, 2012 сағат 13:50

Қазақстандықтардың қарқыны күшті

Бұл күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында су спортынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Оған сары құрлықтың белді командаларының барлығы қатысуда.

Су добынан ерлер сайысында 9 мемлекеттің өкілдері екі топқа бөлініп күш сынасуда. «В» тобындағы Қазақстан құрамасы тұсаукесер кездесуде Жапония ватер­пол­шыларымен шеберлік сынасты. Өте шиеленісті өткен ойында жерлестеріміз бір ғана доп айырмашылығымен жеңіске жетті. Есеп - 10:9. Бір айта кетерлігі- біздің команда сапындағы Рустам Укуманов бес рет қарсыластар қақпасын дәл көздеп, мергендер көшін бастады. Сөйтіп, Азия чем­пионатындағы басты қарсы­лас­тарымыздың бірінен басым түстік. Енді өзге бәсекелерді дәл осындай деңгейде өткізсек, алтын тұғырға көтерілуіміз оңай болары хақ. Осы топтағы тағы бір бәсеке Таиланд пен Гонконг құрамалары арасында өтіп, ал­ғашқыларының мерейі үстем болды - 12:4. Келесі топтағы кездесулердің нәтижелері мынадай: Сауд Арабиясы - Өзбекстан 8:4, Қытай - Шри-Ланка 26:2. 
Әйелдер бәсекесінде де жерлестеріміз жерге қаратқан жоқ. Алғашқы айналымда Қазақстан құрамасы Гонконг командасын 34:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында команда капитаны Әсел Жақаева алты доптың авторы атанды.

Ең үздік қақпашы кім?
ФИФА (Халықаралық футбол қауымдастығы) биылғы жылдың ең үздік қақпашыларын анықтауға кірісті. Қазіргі кезде «жүзден - жүйрік» шыққан бес үміткердің есімі аталды.

Олар - италиялық Джанлуйджи Буффон («Ювентус» Турин), чехиялық Петр Чех («Челси» Лондон), ұлыбританиялық Джо Харт («Манчестер Юнайтед» Манчестер), германиялық Мануэль Нойер («Бавария» Мюнхен) және испаниялық Икер Касильяс («Реал» Мадрид). Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңдағы ең үздік қақпашылар осылар. Бұл уәжбен жанкүйерлер де келіседі деп ойлаймыз. Себебі, жоғарыда есімдері аталған бес жігіт өздерінің өрелі өнерімен көпшілік жүрегін жаулап үлгерді. Олар Еуропадағы ең белді деген командалар сапында ойнап, әркез асқан шеберлік танытуда. Десек те, таңдау тек біреуіне ғана түсуі керек. Ал кімнің «мыңнан- тұлпар» шығатыны 7 қаңтар күні Швейцарияның Цюрих қаласында анықталады.

Жарайсың, Жансая!
Словенияның Марибор қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бірнеше жас ерекшеліктері бойынша өткен бәсекеде қазақстандықтар да бақ сынады.

12 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасындағы жарыс барысында еліміздің мақтанышы Жансая Әбдімәлік бұл жолы да өрелі өнерімен көпшіліктің қошеметіне ие болды. Бұған дейін де талай байрақты бәсекеде топ жарған қандасымыз Словенияда 8,5 ұпай жиып, күміс медальді мойнына ілді. Жансая тек үндістандық Вайшалиден ғана қалып қойды. 
16 жасқа дейінгі үміткерлер сайысында Динара Сәдуақасова төртінші орынға табан тіреді. Негізі Динара және қытайлық Сяо И И бірдей ұпай жиған еді. Екеуінің де 8,5 ұпайдан еншіледі. Бірақ жерлесімізге қарағанда Аспанасты елі өкілінің қосымша көрсеткіштері тәуір болып, қола медаль сол спортшыға бұйырды. Бас жүлдені ресейлік Анна Стяжкина олжаласа, оның отандасы Полина Родионова күміс медальді иеленді. Олар 9 ұпайдан жиды. Сондай-ақ әлем біріншілігіне қатысқан тағы үш шахматшымыз алғашқы ондыққа енді. 8 жасқа дейінгілер бәсекесінде Бибісара Асаубаева 10 орынды, 10 жасқа дейінгілер сайысында Әсел Серікбай 7 орынды, ал 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында шеберлік байқасқан Жанат Сайын 4 орынды қанағат етті.

Төл өнеріміздің тұғыры биік
16-18 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында қазақ күресінен әлем кубогы мен Азия чем­пионаты өтеді.

Серік Төкеев басшылық ететін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы соңғы жылдары көптеген ауқымды шаруалар атқарғаны баршаға мәлім. Ең бастысы, төл өнерімізді серік еткендер арасында ірі жарыстар жиі ұйым­дастырылып жүр. Түрлі жас ерек­шеліктері бойынша әлем, Азия және Еуропа чемпионаттарымен қатар, басқа да байрақты бәсекелер үздіксіз өтіп келеді. Бұл жарыстар тек ел аумағында емес, өзге құрлықтарда да өз жалауын желбіретуде. Мәселен, Қарағанды қаласында алғашқы күні әлем кубогының жүлделері сарапқа салынса, келесі күні сары құрлық біріншілігі өтеді. Оған Үндістан, Ресей, Германия, Латвия, Литва, Армения, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Иран, Қырғызстан, Беларусь, Польша, Эстония, Словакия, Ирак, Йемен, Палестина, Пәкстан, Гре­кия, Түркия және Украина құрамалары қатысады. Сондай-ақ Оңтүстік Америка мен Африкадан да белді балуандар келеді деп күтілуде. Бір сөзбен айтсақ, бұл нағыз «жан алысып, жан беріскен» айқасқа толы бәсеке болмақ.

Олива келді
Оливаның есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Италиялық боксшы көптеген халықаралық жарыстарда топ жарған. 1980 жылы Мәскеуде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында бас жүлдені олжалады.

Ақтық айқаста ол біздің Серік Қонақбаевтан басым түсті. Негізі бұл бәсеке тең дәрежеде өткен. Тіптен көпшілік қазақ боксшысы жеңді деп ойлады. Алайда Серік сол кезде КСРО тарапынан жүргізілген солақай саясаттың құрбаны болды. Олай деуге негіз, сол кезде бірқатар капиталистік бағыттағы мемлекеттер Мәскеудегі ойындарға байқот жариялаған болатын. Солардың бірі - Италия. Алайда ел басқарып отырған азаматтардың бұл шешіміне құлақ аспаған Аппенин түбегінің бірқатар түлектері Мәскеуді бетке алды. Соны ескерген КСРО-ның спорт басшылары сол мемлекеттің кейбір спортшыларына жеңілдік жасады. Солардың арасында Олива да бар. Ол Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, ең үздік боксшыға тиесілі Баркер кубогын да олжалады. 
Бірақ Серік пен Патрицио рингте сыралғы қарсылас болғанымен, қа­рапайым өмірде жақсы достар. Сол себепті де Олимпиада ойындарының жеңімпазы таяуда Алматыға арнайы ат басын бұрды. Олива осы сапар ба­рысында Қазақстанмен жақынырақ танысып, ол жергілікті былғары қолғап шеберлерінің басын қосып, республикалық спорт колледжінің бокс залында ашық жаттығу өткізбек. 

Дайындаған - Ғалым СҮЛЕЙМЕН

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 653
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 390