Сенбі, 4 Мамыр 2024
Абай мұрасы 4269 0 пікір 18 Шілде, 2019 сағат 14:24

Абайдың 175 жылдығын өткізу туралы мемкомиссияның алғашқы отырысы өтті

Бүгін Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Оған Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова төрағалық етті. 

Аталған жиында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтудің басты жоспары һәм атқарылатын шаралардың жобасы қаралды. Ол бойынша Халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейлердегі 500-ге жуық шара қамтылған.

Олардың ішінде, Елордада Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, "Абай" көркем фильмінің шығарылымы, Абай шығармаларын шет тілдеріне аудару секілді мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар, Абай үйі-музейінің жан-жақты тыныстырылымы шарасын өткізу, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу, Құнанбайдың тұлғалық маңыздылығы мен тарихи-мәдени рөлін арттыру шараларын қабылдау қамтылған.

Тағы бір айта кетерлігі, қазір әлеуметтік желілерде тарап жүрген Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздерін оқудан  #Abai175 эстафетасы әлемдік ауқымда жалғасын табатын болды.

Мемлекеттік комиссияның отырысында Г. Әбдіқалықова мерейтойды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, Биыл 30 мамырда "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы шыққан болатын.

Дайындық жұмыстары мен мерейтойды өткізуге байланысты арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, көрнекті жазушылар мен қоғам қайраткерлері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, шығармашылық қоғам өкілдері енді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 896
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 755