Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4601 10 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 13:21

Украина жасасын!

31 наурыз украин халқы үшін тағдыршешті күн. 42 млн халқы бар Украина өз президентін таңдауда. Украинадағы сайлауға 18 мемлекеттен, 18 халықаралық ұйымнан бақылаушылар қатысуда. Бірақ агрессор ел ретінде Ресей бақылаушылары Украинаға кіргізілмеді. Әрі Ресейдегі украиндар дауыс бере алмайды.

Демократияның бір белгісі сол болар, президенттік сайлауға 44 кандидат ұсынылды. Оның бесеуі соңғы сәтте дауысқа түсуден бас тартты. Бюллетенге 39 кандидат енгізілген. Дауыс беру бюллетенінің өзі 80 сантиметрден асады. Журналистер сол кандидаттардың ішінен бес адамның аты-жөнін ерекше атайды.

Олар қазіргі президент Петр Порошенко (53 жаста), комик Владимир Зеленский (41 жаста), Жоғарғы Рада депутаты Юлия Тимошенко (58 жаста), тағы бір депутат Юрий Бойко (60 жаста), «Азаматтық позиция» партиясының басшысы Анатолий Гриценко (61 жаста). Киевте болып қайтқан соңғы үш айдан бері Украинадағы жағдайға мұқият зер салып жүрмін. Өйткені, маған Қазақстанның келешек тағдыры сол Украинада шешіліп жатқандай көрінеді.

Украина Батысқа қарай жалтақсыз бетбұрыс жасады. Айтатын уәждері: «Ресеймен дос болып әлемде гүлденіп кеткен бірде бір ел жоқ! Бәрі де қайыршылықта! Ал біз адамша өмір сүргіміз келеді!». Айтқандары ақиқат. Ресейдің өз көршілеріне тарпа бас салатын арсыздығын үнемі көріп келеміз. Гүржістанда (Оңтүстік Осетия), Приднестровьеде, Чешенстанда, Сирияда қаншама адамның қаны төгілді. Ресей Халықаралық келісімдер мен халықаралық нормаларға пысқырмайды.

Әйтпесе, ТМД құру туралы 1991 жылғы 8 желтоқсандағы келісім-шартта оған мүше мемлекеттер сол кездегі шекараны сол қалпында мойындайтыны келісілді. Будапешт меморандумына (5 желтоқсан 1994 ж) сәйкесУкраина өзіндегі ядролық қаруды өткізіп бергенде Ресей Украинаның территориялық тұтастығына кепілдік берді. Украина мен Ресейдің арасындағы мәңгілік достық туралы (31 мамыр 1997 ж) келісім-шартта да Украина тұтастығы мойындалған. Енді келеді де оқыстан Укранаға бас салып, Қырым түбегін тартып алады. Отто Фон Бисмарктің «Ресеймен жасалған келісімнің ол жазылған қағаз құры құны жоқ» дегені айна-қатесіз рас екен. Тіпті өздері қол қойған Минск келісіміндегі міндеттемелерін яғни ауыр қару-жарақтарды атыс аймағынан 50 шақырым кері шегеру туралы міндеттемелерін де орындайтын сұры жоқ.

Украинада бұрынғыдай орысқұлдық психология күрт өзгерді. Орысқа бүйрегі бұрғандардың көбі көшіп кетті. Қалғандары аз, бірақ амалының жоқтығынан жүр. Солардың салдарынан «Незалежный» тұрғындары екіге бөлінді. Отанын қорғағандар «украин» деп, орысқа сатылғандары «хохол» деп аталады. Тарихқа үңілгендер украиндар мен орыстардың бауырлас еместігін алға тартады.
Бесінші жыл соғыс жүріп жатқанына қарамастан Украина дұшпанды 2014 жылғы шепте ұстап тұр. Антитеррорлық операциялар (АТО) нәтижесінде Донецк мен Луганскінің түбіндегі Северодонецк, Лисичанск, Дзержинск және Соледар сияқты бірқатар қалашықтар мен елді мекендер азат етілді. Украина 2018 жылды 3,4 пайыз (РФ – 2 пайыздай) жақсы өсіммен аяқтады. Тек бір жылдың өзінде 207 зауытты іске қосты.

Петр Порошенко Еуроодақ елдеріне визасыз режим енгізуге қол жеткізді. Бүкіл Еуропа елдерін Ресей агрессиясына қарсы одаққа біріктірді. Украина православ шіркеуі Константиполь патриархатынан өз алдына бөлек автокефалиялық тамос алды, сөйтіп Ресей православ шіркеуімен ат құйрығын кесісті. Ең кереметі Украина армиясын қайта құрып, Еуропадағы ең мықты он армияның қатарына қосты. Енді Солтүстік Атлантикалық блокқа (НАТО-ға) қосылар күн де алыс емес. Тағы бір риза болатыным, армияның күллі қажеттілігін (қару-жарақ, киім-кешек, азық-түлік, т.б.) өздері толықтай өтеп отыр.

Ресей тарапы Қырымды басып алғанын (Путин операцияға өзі жетекшілік жасағанын) мойындады. ОБСЕ Ресейдің Қырыммен қоса Донецк мен Луганскде әскер кіргізгенін, 8 армияның 1 және 2 корпустары дәл сол қалаларда тұрғанын анықтады. Қолға түскен ресейлік офицерлер мен солдаттар өздерінің ресейлік әскер құрамында болғандығын жасырмай айтып берді, бұған олардың әскери билеттері мен басқа да құжаттары дәлел. Украин тарапы Ресей басқыншылығына қарсы халықаралық соттарға құжаттар әзірлеуде. Ал мұның алдында Нафтогаз Стокгольмнің арбитраждық сотында ресейлік Газпромнан 2.56 млрд АҚШ доллары көлемінде өтемақы ұтып алған болатын.

Қысқасы Украинадағы президенттік сайлауда батысшыл бағыттағы үміткер жеңетін болса бұл елдің жаңа бағытта дамуына серпін береді. Бұл орыс әлемінсіз өмір сүруге құштар Қазақ халқы үшін де үлкен өнеге. Ал ашуға булыққан Ресей өш алу үшін Киевке қарсы көң көлемді соғы бастап жіберуі де ықтимал. Сондай оқиғаның алдын алу үшін бүгін таңертең Жерорта теңізіне НАТО-ның бір топ әскери кемелері кірді.
Украинаға қай майданда болса да жеңіс тілейміз!

Марат Байділдәұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 661
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 444
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 399
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 400