Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2377 0 пікір 9 Мамыр, 2011 сағат 22:51

Нұра Матай. «ҚазМұнайГаз»: Қазақ мұнайына Қытайдан қауіп жоқ

Мұнай деп миы ашып отырған ел бір біз емес, бәрі де осы қара түсті қоймалжың құнды дүние үшін алысып, жұлысып, арбасып, ырғасып жатыр. Біздің басымызда тұрған мына заманның көп түйткілінің түбінде осы мұнайға қол жеткізу, жіліктің майлы басын ұстау секілді саясат жатқанын екінің бірі, егіздің сыңары білетін болды. Жасырын дүние қалмағанға ұқсайды. Әлбетте, бер жағынан қарағанда. Ар жағын бір Алла біледі.

Қазақстан мұнайлы ел. Әзірге әлденіп, қампайып отырғанымызда сол - қара алтын. Қазіргісі мен келер қамы да мұнайға мықтап байланғанын қазақ та біледі. Сондықтанда қоғамда және оның айнасы қазақ баспасөзінде мұнай төңірегіндегі мәселе қашанда қызу талқыда.

Қазақ мұнайының тағдырына алаңдаулы қазақ журналисттерімен мұнай мен газ саласындағы жалғызымыз - «ҚазМұнайГаз» шетелдік компаниялармен, сонымен бірге қытайлық әріптестермен бірлескен жобаларды дамыту мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді. Астын сызып айта кететін бір нәрсе ұлттық компаниялардың ішінде алғашқы болып ұлт баспасөзімен арнайы кездесу ұйымдастырған осы «ҚазМұнайГаз» болды. Кездесу барысында компания өкілдері арнайы баяндамаларын жасап, есептік кестелерін, болжамды сандарын көрсетті. Жалпы қазақ мұнай өндірісінің 28 пайызы «ҚазМұнайГаз» да яғни Қазақстанға, 24 пайызы АҚШ -қа, 22 пайызы - Қытайға, 9 пайызы - Ресейге, 17 пайызы басқаларға тиесілі екен. Алайда, «ҚазМұнайГаздың» өкілдері түрлі тетіктер арқылы мұнай саласында мемлекет мүддесі қорғалып отыр деп сендірді. Ұлттық компанияның болжамы бойынша, болашақта Қытайдың қазақ мұнайына игерудегі үлесі 5 пайызға дейін азайтын көрінетін. Мәселе Қытайға келгенде қыза түсті. Сауалдардың көбі Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасындағы мұнай-газ саласындағы саясатқа байланысты қойылды. Саясатқа үкімет жауапты. Компания қызметкері не десін.

Ақтөбедегі Қытай компаниясында жұмыс істейтін жергілікті азаматтардың жалақысы мен қытайлық жұмыскерлердің жалақысы аралығындағы алшақтық айтылып еді, сөйтсек, «ҚазМұнайГаз» Ақтөбедегі Қытай компаниясымен серіктес емес екен. Ал, компанияның өзінде және серіктес шетелдік компаиялардағы жалақының арасы жер мен көктей емес екеніне  журналистерді жинаған мұнайшылар сенімді.

Мұнайды сатудан басқаны білмейді деп жазғыруымыз бекер ме деп қалдық. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Болат Палымбетов отандық машина жасау зауыттарымен мұнай өндіру техникасын жасау жөнінде әңгіме жүргізіліп жатқанын және бұл жүзеге асуы тиіс дүние екенін баса айтты.

Мұнайшылардың сөзіне қарағанда, Қытайдың газға деген сұранысы жыл санап артатын көрінеді. Ал, ол өз кезегінде Қытай нарығыда қазақ газының өтімді затқа айналып, пайда бізге келеді дейді.

Тоқ етері, ұлттық компания өкілдері Қытай қазақтың мұнайы мен газын қотарып әкетіп жатыр деген түсінікті сейілтуге тырысты. Қалай болғанда да, қағаз жүзінде бәрі дұрыс сияқтанады. Ал, «ҚазМұнайГаздың» 100 пайыз акциясы Тимур Құлыбаев басқаратын «Самұрық қазынаға» тиесілі. Ар жағын өзіңіз түсініп алыңыз...

«Абай-ақпарат»

«ҚазМұнайГаз» ҰК компаниялар тобының 2010 жылы қазақстандық үлесті арттыру бойынша қабылдаған негізгі іс-шаралары

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның  шетелдік компаниялармен, сонымен бірге қытайлық әріптестермен бірлескен жобаларды дамыту мәселелері жөнінде

Қазақстан-Қытай газ құбырының  Екінші бөлімшесін салу жобасы жөніндегі ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1770
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1392