Сенбі, 4 Мамыр 2024
3300 0 пікір 9 Қаңтар, 2019 сағат 10:53

Қазақстандықтар визасыз қанша елге бара алады

Қазақстан Төлқұжаттар индексінде 67-орынға көтерілді, деп хабарлайды Абай-ақпарат ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Henley & Partners компаниясы 8 қаңтар күні Төлқұжаттар индексінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Рейтинг визасыз режимге енгізілген соңғы өзгерістерден құрастырылады. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан  азаматтары әлемдегі 76 елге визасыз бара алады. Еліміз Индексте екі сатыға жоғарылап, 67-інші орынға орналастырылған. Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Корея мен Сингапур (189 ел) тұр. Үздік үштік қатарына, сондай-ақ Германия мен Франция (188 ел) енген.

Ресей - 48-орында (119 ел), Украина - 41 (128 ел), Беларусь - 66 (77 ел), Әзербайжан - 74 (66 ел), Өзбекстан  - 80 (56 ел), Қырғызстан - 76 (64 ел), Тәжікстан - 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел).

Henley & Partners компаниясының Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта 2006 жылдан бері жарияланып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 991
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 855
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 719