Жұма, 3 Мамыр 2024
2842 0 пікір 7 Қаңтар, 2019 сағат 10:04

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы есепшоты автоматты түрде ашылатын болады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы есеп-шоты автоматты түрде ашылатын болады. Бұл туралы мәліметті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуына қатысты келесі жағымды жаңалықтың бірі, жеке зейнетақы есепшотын ашу рәсімі жеңілдетіліп отыр. 2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген түзетулер міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған.

Жаңа жарна төлеушілер үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.

Қолданыстағы заңға сәйкес, (2018 жылдың 27 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге дейінгі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғалар жеке зейнетақы есепшотын ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелерінің қызметіне жүгініп, өтініш жазатын. Енді жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ-ға түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есепшот ашылады.

Бұл «өтінішсіз» механизмі бойынша міндетті зейнетақы жарнасы есебінен жеке зейнетақы есепшотын ашу БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне енгізілген өзгерістер 2019 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асқан сәттен бастап жұмыс істейді.

Бұл орайда жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын, жеке куәлігінің, тұрақты мекенжайы туралы мәліметтерін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады.

Дереккөз: turkystan.kz

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 719
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 536
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 463