Жұма, 3 Мамыр 2024
4732 0 пікір 27 Қараша, 2018 сағат 10:51

Тегін медициналық көмек кімдерге беріледі?

Қазақстанның әр азаматы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек (ККТМК) алуға құқылы. Бұл туралы бүгін e-gov үкіметтік порталы хабарлады. Ол кімдерге беріледі? Және оны қалай алуға болады?

Тегін медициналық көмек ҚР азаматтары мен оралмандарға беріледі. Тегін медициналық көмек бюджет есебінен көрсетіледі және оған тиімділігі дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер жатады. Қазақстандағы денсаулық сақтау республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

Яғни, ҚР әрбір азаматы тұрғылықты-тіркелген жеріндегі медициналық қызметті тегін пайдалануға құқылы.

Ал, республикалық бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:

Мамандандырылған медициналық көмек көрсету, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша балалар мен ересектерге реабилитациялық көмек көрсету: хирургиялық, нейрохирургиялық, уронефрологиялық, психиатриялық, онкологиялық және радиологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, офтальмологиялық, кардиологиялық, акушерлік-гинекологиялық, сондай-ақ денсаулыққа зиян әрі қауіпті өндірістік факторларға, туберкулез бен алапеске байланысты аурулар.

АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету.

Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету.

Сот-медицина сараптамасы.

Республикалық бюджет есебінен көрсетілетін ККТМК-ке келесілер жатады:

Мамандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдардағы қызметкерлер көрсететін алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек. Тегін медициналық көмек алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерінің жолдамасы бойынша көрсетіледі. 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдер мен тісі ауырсынып келген науқастарға да стоматологиялық қызмет тегін көрсетіледі, бұған ортодонттық қызмет жатпайды. 18 жасқа толмаған балаларға физиотерапевтикалық қызмет тегін көрсетіледі.

Жедел жәрдем қызметтері.

Жергілікті деңгейде балалар мен ересектерге стационарлық медициналық көмек көрсету, оның ішінде оңалту қызметі:

жедел жәрдем;

алғашқы медициналық-санитарлық қызмет маманының жолдамасы негізінде аурулардың барлық түрлері бойынша жоспарлы қызмет көрсету, оның ішінде: онкологиялық, психоневрологиялық, инфекциялық, офтальмологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, ортопедиялық, уронефрологиялық, терапевтикалық, травматологиялық, дерматологиялық және венерологиялық, жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулар, алкоголизм және наркомания, туберкулез, қант диабеті, бронх және өкпе аурулары;

АИТВ жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету.

Төтенше жағдайлар нәтижесінде пайда болған ауруларға байланысты медициналық көмек көрсету.

Бұл тұрғыда, биыл денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  алғашқы медициналық көмек мамандарының құзіретін арттыру бойынша бейінді дәрігерлерге өкілеттіктер беруді ескере отырып, алғашқы медициналық көмек мамандарының қызметтерін кеңейту және отбасылық дәрігерлерді дипломнан кейін оқыту жаңа стандартын енгізуді  жоспарлап отырғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек мамандарына шаққанда қаралатын пациенттер санын 1700 адамға дейін төмендетіп, медициналық мамандардың жүктемесін азайтуды қамтамасыз етуді де қолға алғанын мәлімдеген-ді.

Ал, тегін медициналық көмек пакетін қайта қарау барысында, негізгі деген екі мәселенің басын ашып алу қажет. Оның біріншісі – этика­ға қатыс­ты мәселе. ТМККК паке­ті бәрі­мізге ортақ игілік. Сол себеп­ті тізімдегі қызметтердің қай­сы­сын алып тастап, қайсысын қал­дыру керек деген мәселе жұртшы­лық­тың талқысына салынуы ­тиіс.

Екін­шісі – техникалық мәселе. Оның бір ұшы тізім қандай болуы керек деген сұраққа келіп тіре­леді. Үкіметтің қаулысымен бекі­тіл­ген қазіргі ТМККК тізімі А4 фор­матындағы төрт парақтан тұра­ды. Қарапайым азаматқа оның не екенін түсіну үшін бұл құжат аздық етеді. Бұл үшін денсаулық сақтау саласындағы заңдарды біліп қана қоймай, медициналық көмек көр­сету тәртібі мен шарттары ж­а­зыл­ған көптеген заң актілерімен танысып шығу қажет. Сондықтан мазмұны толық, нақты жазылған, көлемді құжат әзірлеу қажеттігі туындайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 741
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579