Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4552 31 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 19:23

«Нұр Отан» «Ұлы дала» шығармашылық байқауын жариялады

Бұл туралы бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Алдымен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының мәні мен маңызына тоқталып өтті. Ол бұл мақаланың ұлт тарихын танудың жаңа кезеңін бастап бергенін және біздің әлемдік өркениет пен жаһандық дамуға қосқан үлесімізді қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша дәріптеуге үндейтінін айтты.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы өз мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтарын айқындап бергенін және оларды жүзеге асыруға «Нұр Отан» партиясының да белсенді қатысатынына назар аударып, «Ұлы дала» шығармашылық байқауының басталғанын жариялады.

– Елбасының мақаласы тарихи, ұлттық санамызды жаңғыртып, тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді одан әрі күшейтуге бағытталған үлкен еңбек. Осы басымдықтарды жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар және саяси партиялармен бірге зиялы қауым өкілдері де белсене қатысқаны абзал. Сондықтан арнайы байқау жариялап, қоғамымыздың рухани жаңғыруына әсер ететін еңбектерді және тарихымыздағы ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттайтын шығармаларды қолдап, жаңа жұмыстардың жазылуына өзіміздің үлесімізді қосуды көздеп отырмыз. Бұл байқаудың форматы мен маңызын Жазушылар одағымен пысықтап, алдын ала талқыладық. Алдағы уақытта жас қаламгерлеріміз осы байқау арқылы Елбасының мақаласында айтылған құндылықтар мен идеяларды дәріптеуге және оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қосады деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Қатысушылардың жұмыстары 2018 жылдың 28 қарашасы мен 2019 жылдың 15 қаңтары аралығында қабылданады. Нәтижесінде «Проза», «Поэзия», «Драматургия, көркем фильмдер мен телесериал сценариі», «Публицистика» және «Балаларға арналған шығарма» сияқты бес бірдей аталым бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталмақ. Әр аталым бойынша жеңімпаз бен екінші және үшінші орын алған қатысушыға қомақты қаржылай сыйлық тағайындалған. Нақты айтқанда, әр аталымның жеңімпазына – 1,5 миллион, 2-орын иегерлеріне – 750 мың, ал 3-орын алған қатысушыларға 500 мың теңгеден беріледі.

Байқаудың басқа да шарттары туралы партияның ресми сайтында жарияланған байқау Ережесінде толық баяндалған.

Abai.kz

31 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 600
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 346
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 352