Жұма, 3 Мамыр 2024
Жағымды жаңалық 5220 25 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 17:33

Қазақ тіліне аударылған екі әлемдік бестселлердің тұсаукесері болды

Алматыда “100 жаңа оқулық” жобасының аясында қазақ тіліне аударылған екі әлемдік бестселлердің тұсаукесері болды. Олар: Ю.Н. Хараридің “Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы” (Sapiens: A Brief History of Humankind) және Стивен Р.Ковидің “Жасампаз жандардың 7 дағдысы” (7 Habits Of Higly Effective People) атты еңбектер.

Бұл кітаптарды Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша, “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қоры мен “Universities-38” Университеттер альянсы басып шығарған.

Бүгінде аударма жобасында 18 оқулық аударылған. Ол оқу құралдары 10 мың данамен басылып, 110 ЖОО-на таратылыпты. Ал, қазіргі уақытта 30 кітап қазақшаланып, баспаға дайындалып жатыр.

Алматы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, биыл көктемде ЖОО лардың басын қосып қандай кітаптар аударылуы керек деген мәселені талқыланған. Сөйтіп, ұстаздар мен студенттердің таңдауы осы екі кітапқа түсіпті.

Рауан Кенжеханов, Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының атқарушы директоры:

-Бұл  “Рухани жаңғыру” бағдарламасына Алматы қаласы әкімшілігінің қосқан үлесі. Бұл кітаптардың жұмысына он шақты редакторлар қатысты. Әрине, бұл туындылар туралы сағаттап әңгіме айтуға болады. Бұл кітап әлемдегі ең үлкен кітап дүкендерінде үлкен тиражбен сатылып, талқыланып, жатқан бүгінгі күннің бестллері. Біз тұңғыш рет осындай кітаптарды аударып қазақ оқырмандарына ұсынып отырмыз. Бұған дейін дәл қазір бестллер болып жатқан кітаптар бұлай тез аударылып таралып көрген жоқ. Енді осы кітапты - қазақы ортада беделі бар ғалымдар мен мамандар оқып, өз пікірлерін ортаға салса деген ойымыз бар.

Жалпы, “Жүз оқулық”  жобасының талаптары бойынша, туынды 3 басылым бетін көрген және алдыңғы қатарлы оқу орындарының бағдарламаларында болуы тиіс. Сондай-ақ, ол басылымдар мазмұндық жағынан да бейтарап болу керек. Осындай талаптар бойынша 1,5 жылдың ішінде 800 ден аса атаулы  кітапқа ұсыныс түсіпті.

Сонымен, бұл кітаптардың қысқаша мазмұнына тоқталсақ.

Бірінші -  Ю.Н. Хараридің “Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы” (Sapiens: A Brief History of Humankind)  кітабы – алғаш рет 2011 жылы иврит тілінде басылып, 2014 жылы ағылшын тіліне аударылды. Кейіннен әлемнің 45 тілінде 20 дан аса мемлекетте 7 млн данамен таралды. Кітап жүз мың жыл бұрын өмір сүрген алты түрдің бірі Homo sapiens өкілінің пайда болуынан бастап, бүгінгі кезеңге дейінгі аралықты толық қамтиды. Сонмен қатар, ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай құрылды және күйреді деген сияқты алуан түрлі сұрақтарға жауап береді.

Ал, екінші кітап - "Жасампаз жандардың 7 дағдысы” (7 Habits Of Higly Effective People) – Жетістікке жетудің әдістемесін ұсынған №1 әлемдік бестселлер. Бұл туынды әлемнің 40 тілінде 30 миллион данамен таралған. Және 70 тен аса елде 13 рет қайта басылып шыққан.

Мамандар алдағы уақытта  бұл кітаптардың аудионұсқасы да жасалатынын және барлық өңірдің орталық кітапханаларына да жеткізілетінін айтты.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 791
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 604
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 495
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 506