Жұма, 3 Мамыр 2024
Нүкте 3884 7 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 10:31

Қисын қайда, редактор мырза?

Менің осы Abai.kz ақпараттық порталындағы «Қостанайдың «қожасы» Архимед не дейді, ел не дейді?» деген мақалама осы облыстағы «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбековтың  «Жайбергенге жауап. Өзіне-өзі қарсы...» деген жауап жазған мақаласы жарық көрді.

Кім-кімнің де қандай да бір мақалаға өзіндік көзқарасын білдіру орынды дүние, онсыз пікірлер алуандығы өрістемейді. Бұл орайда бас редактор мырзаның мақалада көтерілген мәселеге жауап қайтаруына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алайда бізді бұл мақаладағы: «Біздің таңқалғанымыз – Жайберген Болатов мырзаның бұдан әрі өз мақаласында  біздің газетімізді  тілге тиек ете отырып, жаңсақ айтып, әділеттен аттап өтетіні және  өз ойына өзі қарсы шығатыны» деген сөзге ашғын айтсақ «біз де таң қалдық». Біз өз мақаламызда Қостанай облысын Торғай облысына айналдыруға ұсыныс білдірген хатты облыс тұрғындары неге Астананың төрінде әкіміз Архимедтің аузыан естиді, оны неге осы облыстағы «Қостанай таңына» басылып, қалың жұртшылық оның мазмұнымен неге таныспайды деген мәселе көтергенбіз.

Оған бас редактор мырза «Ол хат бізге де келген. Алайда онда авторларының қолы жоқ болғандықтан баса алмадық» дейді.

Осылай дейді де іле-шала ол хаттың Архимедтің Астанадағы бапасөз мәслихатынан  бұрын республикалық «Қазақ», «Айқын» және «Түркістан» газеттерінде жарық көргендігін айтады. Ау, егер бұл хат сол газеттерде жарық көрсе, ол неге соларға сілтеме жасай отырып, өзіміздің «Қостанай таңы» неге баспасқа? Оның үстіне Архимедтің өзі сол мәслихатта әлгі хаттың өзіне келгендігін растады емес пе? Ендеше бұл хаттан жергілікті газет оқырмандарды хабардар етуіне толық құқығы бар емес пе? Хатты баспау арқылы «Қостанай таңының» оқырмандарын осынау өзекті мәселеден хабар етудің жолы кесіліп отырғандығы айдан-анық дүние.

Тағы бір қисынсыздық жайлы. Мен өз мақаламда «Архимедтің өзі құрылтайшы болып табылатын «Қостанай таңының» есігін де ашқан емес» деген сөзімізге  бас редактор мырза «Әкім менімен үнемі кездесіп, жағдайларымызды біліп отырады» деген уәж айтады. Біз әкімнің өзіне бағынышты адамдармен кездесіп тұратындығына еш күмәніміз жоқ. Алайда әкімнің редактормен кездесуі мен редакцияға арнайы келіп қатардағы журналистермен сұхбаттасып, олардың жай-күйін, журналистерді не толғандыратындығын өз ауыздарына естуі мүлдем басқа дүние екендігін бас редакторға ұғындырып жатудың өзі тым ұят дүние секілді.

Бізді тағы бір таң қалдырғаны, менің өз мақаламдағы «Шындығында да Қостанай да ежелгі Торғай секілді тарихи атау, қасиетті өлке, қазақтың да тағы бір киелі жері. Бір қазақы атты екіншісімен ауыстырғанда не ұтамыз?» деген сөзімді редактор мырза мүлде бұрмалап: «Жоқ  жерден мәселе ойлап тауып, өнбейтін дау тудырып, сүттей ұйып отырған ағайындардың арасына жік салудың қандай  қажеті бар?» деп менің ойыма келмеген дүниені айтады.

Оу, мен қайта «бір атауды екеншісімен ауыстырып қайтеміз» деп осындағы ағайындарды қайта сол өнбес дауды қудаламасын деп отырған жоқпын ба? Ал мен егер: «Хат жазғандар дұрыс мәселе көтеріп отыр. Қостанайдың аты Торғай болып өзгергені дұрыс» десем, бұрынғы Торғай облысы мен қазіргі Қостанай облысы тұрғындарының арасында дүрдараздық басталып кетері анық еді ғой. Қисын қайда, редактор мырза?

Айтпақшы, жалпы, осындай мәселелерге әкімге тікелей бағынышты жаннан гөрі облыстық әкімдіктегі ішкі сасат басқармасының немесе әкімнің баспасөз хатшысының толымды да мазмұнды жауап қайтаруы әлдеқайда дұыс болар еді деген ой өзінен-өзі сұранып тұр. Өйткені бұл олардың тікелей қызметтік міндеттеріне жатары сөзсіз.

Жайберген Болатов

Қостанай

Abai.kz

     

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 878
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 737
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 577