Жұма, 3 Мамыр 2024
Талқы 3428 20 пікір 19 Қараша, 2018 сағат 16:25

Коряковтың Керүкіге қатысы жоқ!

немесе Павлодардың атын өзгерту туралы

«Керүкі» – Үкітай Қаһан 98 жасқа толып дүниеден озады. Елтіріс Қаһанның арғы дәуірлердегі Ұлы Бабасы.

«Керүкі» Қаһанды елі, «Үкітай» Қаһан деп атаған. Қазір бұл Қаһанды «Үкаш Ата» - деп атайды. Үкітай Қаһан билік құрып тұрған кезінде өз айналасына темір, алтын, күміс және неше түрлі ою-өрнектерді білетін ұста-зергерлерді жинайды. Үкітай Қаһан: «Бір елде темірдің басқа бір түрін ойлап тауыпты» – деп естісе, тез арада елші жіберіп сол темірдің өзін болмаса айнымаған басқа үлгісін алып келуге пәрмен берген. Берсе жолынан, бермесе қолынан тартып алған. «Темір соғысын» жариялаған. «Менің рұқсатымсыз пәрменім жететін жерде ұсталар өз ойын, өнерін көрсетпей жұмыс істемесін!» – деп қатаң үкім шығарған.

«Үкітай» Қаһаннан Ер Дәуіт, Шаймерден, Сұрмерген туылады. Осы үш ұлының ішінде ұсталық өнер Ер Дәуітке ғана қонған. Ер Дәуіттен екі ұл туылады, олар Оқжезді, Төсболат. Осы екеуінен кейінгі дәуірлерде Отыз екі Ордалы «Құты Баш» – Кіші жүздер тараған.
Көзінің тірісінде терең құдық қаздырып, ішкі қабырғасын қайрақ тастан өргізіп, темірден жасалынған қару немесе басқа бұйым болсын арқанға байлап осы құдыққа тастайды. Осы істелінген затты қайта тартып алғанда, темірі майыспай, тастың қажаған іздері түспесе, сол зат өте сапалы әрі қымбат бағаланған. Осындай заттар істеген ұстаға: «Зеркер» - деген ат берген. Зеркерлерді екіге бөліп, мынандай атақтар берген: «Дула», «Булат», «Зұлмарт», «Екүш», «Үлге», «Қыла» - деп.

Ең күшті ұста «Зеркерлерге»: «Зұлмарт», «Булат», «Дула»–деген атақ берсе, ал былайша күнделікті тұрмыс – салттағы құралдарды істейтін ұсталарды: «Екүш», «Үлге», «Қыла» – деп атаған.

Керүкі, Үкаша, Үкішаман, Үкітай Қаһан – деп тарихта айтады, бірақ осының барлығы бір адамның аты, шені, атағы.

«Керүкі» – азан шақырып қойған аты. «Үкаша» - құс ұйқылы, «Үкішаман» - қарулы, қайсар, қайратты, бірбеткей, «Үкітай» – «бәрін көреді, бәрін естиді, алдау қиын» - деген.

Керүкі, Үкітай Қаһан ұзын сырнайды ойлап тауып, бұл сазды аспапқа «Керней» - деген ат қойса, халық «Кернейдің» зор үнін тыңдап «Жарқұлақ» - деген ат қояды. Бұл сырнайдың үнін жау келе жатқанда дабыл көтеріп шығарса, ал той-думандарда сазды да, арқаландыра ойнаған. Бұл сырнайды жаршылар ұстаған, көбінесе биік төбелерде тұрған. Ондай төбелерде тұратын жаршылардың шағын кепелері де болған.

Түсіндірме: Үкітай Қаһанның туылған жері қазіргі Павлодар қаласының орнында. Бұл жерде ежелгі Сақ Бабаларымыздың дәуірінде шаһар – қалалар болған. Бұл жердегі елді мекенді ежелгі замандардан бері Бабаларымыз «Керүкі» - деп атаған. Кейінгі дәуірлерде тіл салтымызға байланысты Кереку деп аталып кеткен. Бұл Қаһан қандай темір ұстаса да оны бір іске айналдырмай қоймайтын және өте қарулы, бір беткей адам болған. Ал зираты қазіргі Түркістан мен Кентау қаласына жақын жерде.

«Керней» - қазақтың ежелгі сазды аспабы. Қазір бұл аспапты айтыстарда қолданып жүр. Қазақтың Ұлт аспаптар оркестрлеріне орнын тауып қолдана білсе, ерекше сазды әсер беріп, тыңдаған адамды, әсіресе қаны қазақты арқаландырып жіберер.

Кейінгі замандарда Ата тарихатымызды 20 рет өзгерткен зар замандардың кесірінен Үкітай Қаһанды, дінбұзарлар өздеріне теліп аб, оны араптан келген дін таратушы баптардың бірі деп түсіндіріп келеді. Бірақ жалғандық ұзаққа бармай киелі шежірелеріміз табылып жатыр, ендігі жерде Текті Бабаларымыз бірінен соң бірі жарыққа шыға бермек!
Бабалардың жандары жаннатта болсын!

Иншалла! Алла Жар болсын!

Ескерту: Бұл мағлұматтар Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлының мұраларынан алынған.

Ілесбек Байжанов

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шымкент

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 687
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 481
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 420