Жұма, 3 Мамыр 2024
3473 0 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 12:49

Төртінші бастама. Елбасы тапсырмасы кәсіпкерлерге үлкен қолдау

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның бірі - елдегі шағын несие беруді көбейту болатын.

"Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен және жұмыссыз азаматтар арасында жеңілдігі бар шағын несие ұсыну ең тиімді механизим болып табылады. 2017 жылы 32 млрд теңгеге барлығы 7200 шағын несие бөлінген болатын. Оның өзінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқып шыққан 5 мың азамат өз істерін бастау үшін шағын несиеге қол жеткізе алмады", - деді Елбасы.

Биыл қазақстандықтарға берілетін шағын несие былтырғымен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көбейеді.

"Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен тақырыпқа сай аз-кем дерек келтірейік. Президент ұсынған бес әлеуметтік бастаманың бірі - шағын несие беруді көбейту болды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы мұнай несие сомасы 32 миллиард теңгені құраған.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Елбасының ауылды жерлер мен қалаларда шағын несие беруді көбейтуге бағытталған төртінші бастамасын іске асыру барысы туралы баяндадамасына көз жүгіртейік.

2018 жылы бекітілген бюджетте шағын несие беру бағдарламасына жалпы — 42 млрд теңге, оның ішінде ауылдық жерлерге — 31 млрд теңге және қалалар мен моноқалалар үшін — 11 млрд теңге қарастырылған екен.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру 20 млрд теңгеге ұлғайтылып, биылғы жылы 62 млрд теңгені құрайды», — деді М. Әбілқасымова.

Шағын несие берудің сапалы әсерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ соңғы қарыз алушыға қаражат жеткізуді уақытылы жоспарлау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қосымша бөлінетін 20 млрд теңгеден ауылдар мен шағын қалалардағы несиелендіруге шамамен 14 млрд теңгені бөлуді ұсынды. Осы соманың 10 млрд теңгесін ауыл шаруашылығының ірі қайта өңдеу кәсіпорындары маңындағы «зәкірлік» кооперация жобаларын іске асыруға бағыттау ұсынылады. Қалған 6 млрд теңгені қалалар мен моноқалалардағы несиелендіруге жұмсау ұсынылады.

М. Әбілқасымованың айтуынша, бизнес-жобаларды қорғау және шағын несиелерді алу үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар алдымен «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша оқуы керек. Қосымша бөлінетін қаражатты ескере отырып, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жалпы трансферттер есебінен кем дегенде 1,2 млрд теңге бөлу ұсынылады.

«Соңғы қарыз алушыға несие қаражатын жылдамырақ жеткізу үшін, осы жылдың наурыз айының соңына дейін бұған дейін бөлінген қаражат бойынша үшжақты несиелік келісімдерге қол қоюды қамтамасыз етіп, шағын несие беруді дереу бастау қажет. Сәуір айының соңына дейін қосымша бөлінетін қаражат бойынша үш жақты несиелік келісімдерге қол қою керек», — деді М. Әбілқасымова.

Сондай-ақ, министр халықты шағын несиемен көбірек қамту мақсатында, қала мен ауыл үшін несие берудің лимиттерін қайта қарауды және шағын несиелерді соңғы тұтынушыға жеткізу тетіктерін пысықтауды ұсынды.

«Жеңілдікті шағын несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жобаларына – 7 жылға дейін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% аспайтындай етіп беріледі. Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, Бағдарлама қатысушылары несиелік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету түрінде кепілдік алуға құқылы. Жалпы, ұсынылған тетіктерді жүзеге асыру үшін Бағдарламаға, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несие беру ережелеріне өзгерістер енгізіледі», — деп түйіндеді М. Әбілқасымова.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Аталған бастамалар тұрғын-үй, білім беру, бизнес және газбен қамтамасыз ету салаларын қамтиды.

Қызылорда облысы

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық комиссиясының кезекті отырысы өткен еді. Онда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің төртінші бағыты яғни, шағын несие беруді көбейту мәселесі жан-жақты талыланған болатын.

Жиын барысында  Елбасының төртінші бастамасы аясында  өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева айтып өтті.

Бөлім басшысының айтуынша ағымдағы жылдың бюджеттінде шағын несие беру бағдарламасына 42 млрд теңге бөлінген.Оның 31 млрд теңгесі ауылдық  жерлерге ал, 11 миллиарды қалалар мен моноқалалар үшін қарастырылып отыр.

- Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен қаржыландыру көлемі 20 млрд теңгеге ұлғайып, биыл 62 млрд теңгені құрады. Соның нәтижесінде шағын несиемен қамтудың жалпы көлемі 14 000 адамнан асты. Бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе көп,-дейді Жанар Дәулетбаева.

Өңірде Елбасы бастамасына сәйкес өз жеке ісін бастап жатқандарға, тұрақты жұмысы жоқтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға басымдық берілуде.

Осы мақсатта "Бастау-Бизнес" жобасы арқылы арнайы оқу курстары да қаралған.  Мәселен, өткен  жылы "Бастау-Бизнес" жобасы 5 аудан тұрғындарын қамтыған болса,   биыл Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының тұрғындары қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ильясовтың егжей-тегжейлі баяндап өтті.

-Жалпы жыл басынан облыс бойынша 553 азамат «Бастау-Бизнес» курсын аяқтап, 498 азамат жобасын қорғады.

Соның ішінде 21 азаматтың жобасы  55,2 млн. теңгеге қаржыландырылды. Қазір оқу курсының 3-ші легі басталып, 254 азамат оқып жатыр. Жыл соңына дейін 1600 қызылордалық оқытылып, кемінде  320 азаматтың жобасы қаржыландырылады деп күтілуде,- деді  Қожахмет Ильясов

Жиын барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020»,«Микробизнес-Кызылорда»бағдарламалары  шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлып жұмыстардың нәтижелері мен алдағы орындалар міндеттер бойынша тиісті ұсыныстар жинақталып, қаулылар қабылданды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 811
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 640
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 508
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 519