Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3240 2 пікір 13 Қыркүйек, 2018 сағат 10:08

Қазақ жастарына көңіл бөлмей ештеңе өнбейді

"Қазақ қыздары шет ел азаматтарына тұрмысқа шықпасын!"-деп байбалам салу қазір дәстүрге айналған. Тіпті Мұхтар Шаханов ағамыз "ондай қыздарды қазақстан азаматтығынан айыру керек" деп бірақ ұрды. Иә, мен де қарсымын, маған да ұнамайды. Сонда біздің күйеу жетпеген қыздарымызды Ертіске тоғытып жіберейік пе? Шықпа деп айтуға оңай. Ал, тереңірек үңілсек бұған кім кінәлі?
Ең бірінші мемлекет кінәлі. Қазіргі қазақ жастарын қарызға батырып қойған экономикалық саясат кінәлі. Қалталы жігіттердің бәрі басқа ұлттар. Қазақтың көзі ашылатын түрі жоқ. Кез келген қаламызда басқа ұлттардан пәтер жалдап тұрып жатқан ауылдан келген қазақ жігіттері. Соңғы жарияланған ипотекалық бағдарламамен жай жұмыскер пәтер ала алмайтыны мәлім болып жатыр.

Демек қазақ жастарына көңіл бөлмей ештеме өнбейді. Заңдар әлсіз. Кез келген шет ел азаматы келіп қыздарды әкете беруіне болады. Ешқандай шығын шығармай ақ. Мүмкін уақытша, демографиялық ахуал жөнделгенше екі әйел алуды заңдастыру керек те шығар. Жастар жоғары білім алғаннан кейін не істерін білмейді! Өйткені жұмыс жоқ. Жұмыс орындары қағаз жүзінде ғана ашылып жатыр. Президент өндірістерді ашып, кеткеннен кейін қайта жабылып жатқанын білеміз. Салынып жатқан зауыт-фабрикалар өте аз, ұсақ, ауыз толтырып айтуға келмейді.

Осындай мәселелермен айналысып жатқан мемлекет жоқ. Әр басшы өз қалтасын ғана ойлауда. Сондықтан ер-азаматтар, қыздарға - "Сендер шет елдің жігітіне күйеуге шықпаңдар",- деп бет-жүзімізді жасырып, көп айқайға қосылып қана айта аламыз.

Өйткені мұның бәріне өзіміз кінәліміз. Үндемей отыра берсек, әлі көрмегенді көреміз!

Шашубай Шаймерденұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 802
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 622
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 512