Жұма, 3 Мамыр 2024
2870 20 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 16:12

Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Атырау қаласына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді деп жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы сапар барысында нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көріп, осы жерде өндірілетін дайын өнім үлгілерімен танысты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне Атырау облысындағы инвестициялық жобалар көрсетілді. Атап айтқанда, қуаты 52 мегаватт болатын жел электр станциясы, ыстық күйінде мырыш жалату цехы, робот арқылы дәнекерлеу әдісін қолдана отырып, металл конструкцияларын, карбон негізіндегі қуатты кабель, крекинг катализаторларын өндіру жөніндегі кәсіпорындар, фармацевтика зауыты, қысымды өлшеуге арналған құрылғылар шығаратын зауыт, құс фабрикасы, аумағы 20 гектар болатын жылыжай және басқа да жобалар бар.

«Дәулет» жеке индустриялық аймағы – көп салалы заманауи кәсіпорын. Оның құрамында нан және кондитерлік өнімдер өндіретін «Дәулет Нан» зауыты, ауыз су дайындайтын цех, «Райхан» шаруа қожалығы, макарон өнімдерін өндіретін цех, диірмен, ет комбинаты, тігін цехы, сондай-ақ асфальтбетон зауыты жұмыс істейді.

«Дәулет» жеке индустриялық аймағында 244 жұмыс орны ашылған.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 936
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 607
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 631