Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3125 0 пікір 9 Наурыз, 2011 сағат 07:30

Кенжебай Байшалтегі. Сақалдылар. Олар кімдер?

Қазіргі кезде қалаларда, аудан орталықтарында тіпті ауылдарда көшелерде сақал жіберген, ұзын көйлек киген адамдарды жиі көруге болады. Олар туралы білмейтін адамдар жаман ойлауы мүмкін. Тіпті кейбір құдайдан қорықпайтын бауырларымыз оларды зиянды ағымдардың қатарына қосып өздерінше пәтуе шығарып жатады. Тіпті кейбір түсінігі төмен бауырырларымыз жергілікті әкім-қаралардың пәтуесіне сүйенеді. Кейбіреулер тіпті қайдағы бір Алекс деген Исламның жауының пәтуесін алға тартады. Бірақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бұлар туралы ешқандай «зиянды» деген пәтуе шығарылмаған. Заң жүзінде де олардың жұмыстарына тыйым салынбаған. Ресей барлау қызметінің мәлімдеуі бойынша бұлардың тарихында ешқандай соғысқа, жанжалға, шеруге тіпті бейбіт шеруге де қатыспағаны анықталған.

Қазіргі кезде қалаларда, аудан орталықтарында тіпті ауылдарда көшелерде сақал жіберген, ұзын көйлек киген адамдарды жиі көруге болады. Олар туралы білмейтін адамдар жаман ойлауы мүмкін. Тіпті кейбір құдайдан қорықпайтын бауырларымыз оларды зиянды ағымдардың қатарына қосып өздерінше пәтуе шығарып жатады. Тіпті кейбір түсінігі төмен бауырырларымыз жергілікті әкім-қаралардың пәтуесіне сүйенеді. Кейбіреулер тіпті қайдағы бір Алекс деген Исламның жауының пәтуесін алға тартады. Бірақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бұлар туралы ешқандай «зиянды» деген пәтуе шығарылмаған. Заң жүзінде де олардың жұмыстарына тыйым салынбаған. Ресей барлау қызметінің мәлімдеуі бойынша бұлардың тарихында ешқандай соғысқа, жанжалға, шеруге тіпті бейбіт шеруге де қатыспағаны анықталған.

Сонда ол сақалдылар кімдер? Олар  халық арасында «Таблиғ жамағат» деген атаумен белгілі топтың дауғатшылары. «Таблиғ жамағаты» деген діни ұйым еш қандай елде тіркелмеген, өйткені  олар жай ғана ынталы топ .«Дауғат» сөзі «шақыру» деген мағына береді. Дауғат,насихат, деген бірдей мағыналы сөздер. Біздің Қазақстандағы Имам Ағзам мазһабы бойынша ислам дінін насихаттап жүрген жүрген жалғыз топ осылар. Олар ешқандай діни ағымға жатпайды. Өздерінің жеке ұстанымдары жоқ. Имам Ағзам мазһабымен жүреді.. Топ болған соң олардың өздері белгілеген шариғатқа сай тәртіптері бар. Ол тәртіптерінің барлығы тек нәпсіге қарсы бағытталған. Дауғатшылар мына төрт нәрсеге араласпайды 1. Саясатқа, 2. Мазһабтардың мәселесіне, 3.Халықтың салт-дәстүріне , Мешіттің ішкі-сыртқы  істеріне.

Дауғатшылар дауғатты әуелі өздерінен бастайды, сонан соң отбасын шақырады. Одан кейін жақындарын шақырады. Дауғатқа 10 шақты адам болып шығады. Осы 10 шақты адамның арасында 2-3 адамның діни білімі болуы шарт, қалғандары дінді үйренушілер. Мүшелік және мүшелік  жарна деген жоқ. Кез-келген  дінді үйренгісі келген ынталы адам шыға алады. Тіпті олардың арасынан білімді мешіт имамдарын кездестіруге болады. Дауғатқа шығудың өзіндік шарттары бар. Оның шарттары қажылыққа барудың шарттарындай. Дауғатқа тек халал ақшамен, халал уақытта, яғни  ешкім іздемейтін уақытта шығады. Және де отбасының келісімімен шығады. Отбасыңыз материалдық таршылықта қалмауы керек. 3 күнге, 40 күнге, 4 айға шығу ешқандай мақсат емес. Және де қатып қалған қағида емес. Мақсат өзіңіздің нәпсіңізді тәрбиелеу, өзіңді, адамдарды хаққа шақыру, дінді үйрену, ілім үйрену. Ұзын көйлек кию де шарт емес, ол тек сүннет. Пайғамбарымыздың ( с.а.у.) сүйікті киімі көйлек болған екен.

Олар шариғат мәселесімен айланыспайды, тек адамдарға  кәлиманы жеткізеді, Аллаһтың нығыметтері туралы айтады, дінің пайдасы туралы айтады және мешітке шақырады. Қалған жұмыс мешіт имамдарының шаруасы. Осыны түсінген кейбір сауаттыда, парасатты мешіт  имамдары олармен бірлесіп жұмыс істеуде. Кейбір көзі ашық, көкірегі ояу ауыл әкімдері де олардың жұмысына қолдау көрсетуде. Дауғатшылар халық арасында үлкен беделге ие, әсіресе ауылдық жерлерде.Олар ауылға барғанда ауылдағылар ата- бабалары тіріліп келгендей қуанады.

Дін насихатпен тарайды. Асыл дінімізді насихаттауға осы бауырларымыздың қосып жүрген үлесі зор. Мешіттердің жамағатқа толуы да осы бауырларымыздың құрбандықтарының арқасы десекте артық емес. Кейбіреулер олардың кемшіліктерін жариялауға жанталасып жүреді. Біреудің кемшілігін көруден бұрын әуелі өз басыңа қара дейді. Бір Алла ғана кемшілік атаулыдан пәк емеспе.

Енді сол дауғаттың бізге берер қандай пайдасы бар десек. Ең әуелі иманыңыз түзеледі, отбасыңызға дін келеді. Өзінің әке - шешесіне, әйеліне, туған баласына намаз оқыта алмай жүрген қаншама бауырларымыз бар, Дауғатта қыйсық ғибадаттарыңыз түзеледі, жүрегіңіз жұмсарады, іліміңіз артады, діннің ақиқатын түсінесіз, көрекем мінез қалыптасады, нағыз мұсылмандық сыйпат қалыптасады. Рухыңыз тазарады, және барша адамзатқа деген мейірім- махаббатыңыз оянады.

Ахмет Иассауи бабамыз айтқандай « Иман түзелсе, орта түзеледі, орта түзелсе қоғам түзеледі» Өзімізді, отбасымызды және қоғамды түзетуге баршамыз атсалысайық. Өзіміз істемесекте бұл жұмысты істеп жүрген бауырларға қолдау көрсетейік.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 990
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 855
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 718