Жұма, 3 Мамыр 2024
Не көріп жүрсіз? 5650 8 пікір 15 Маусым, 2018 сағат 07:31

Астаналық ата-аналар қазақ мектебінде орыс сыныптарын ашуға наразы

Кеше Астанадағы нөмірі 77 мектептің ата-аналары қазақ мектебінде орыс сыныптарын ашуға наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат 31 арнаға сілтеме жасап. Наразы топ елордадағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын жалғыз білім ордасына орыс тілінің араласуын қаламаймыз деп отыр. 

Оқу жылы аяқталып, өзге ата-аналар балаларымен бірге демалып жүрсе, бір аптадан бері Астанадағы нөмірі 77-ші мектептен маза қашқан. Гимназияда орыс тілі сыныптары ашылады дегенді естігендер күнде жиналыс өткізіп, қала әкімдігінің табалдырығын тоздыруымен жүр. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепке орысша оқитындарды араластыру ұрпағымыздың болашағына қауіп төндіреді дейді наразы топ. Өйткені, онсыз да ана тіліне шорқақ қаланың балалары, үзілісте орысша шүлдірлеп кетеді деп қауіптенеді.

 

Тіліміз тереңдетіліп оқытылатын мектепке орыс сыныптарын кіргізуге басшылық та қарсы. Алайда, білім басқармасынан ауызша бұйрық беріліп, электронды поштаға хабарлама келгеннен кейін, бастауышқа орысша оқитындарды қабылдауға мәжбүр болыпты. Қазір орыс сыныбына оқуға 14 бала өтініштерін беріп те қойған. Білім басқармасының бұл бастамасын мектеп ұжымы да түсінбей отыр.

Ата-аналардың қарсылығынан кейін елордадағы 77-мектепте орыс сыныптарына оқушы қабылдау жұмысы тоқтатылды. Білім басқармасы бұл дау қабылдау комиссиясы мен гимназия басшылығы арасындағы түсінбеушіліктен туындаған деп өздерін ақтап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы жылдары ресми статистика бойынша сұраныс орыс емес қазақ сыныптарына артыпты.

Гүлбану Әниятқызы, Нұркен Тоқмурзин

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 630
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 388
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374