Сенбі, 4 Мамыр 2024
Дидар-ғайып 5058 5 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 11:55

Белгілі журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды

Бүгін белгілі журналист, "Азаттық" радиосының редакторы Рахат Мамырбек дүние салды. Бұл туралы марқұмның әріптестері әлеуметтік желіде хабарлады.

Әріптестерінің айтуынша, Рахат Мамырбек бұдан оншақты күн бұрын инсульт алып ауруханаға түскен және сол уақыттан бері есін жимаған.

Рахат Мамырбек 1978 жылы, 10 ақпанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетін бітірді.

Университеттен кейін біраз уақыт Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде оқытушылық қызмет жасады. Журналистикадағы қызметін 2001 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында бастады. Мұнда ол «Мезгіл» ақпаратты-сараптамалық бағдарламасының редакторы болды.

Одан кейін әр жылдары КТК, 31 арна және «Алматы» телеарналарында жұмыс істеді.

2010 жылдан бері «Азаттық» радиосының Алматы бюросында веб-редактор болып қызмет атқарды. Рахат Мамырбек 2012 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарды. Ол Азаттықтағы "Еркін сөз" бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болды, AzattyqLIVE тікелей эфирін жүргізді.

"Abai.kz" ақпараттық порталының ұжымы марқұмның отбасына, жақыт-туыстарына көңіл айтады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1027
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 896
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 755