Жұма, 3 Мамыр 2024
3353 0 пікір 14 Желтоқсан, 2017 сағат 10:48

2017 жылы әлемде 262 журналист қудалауға ұшыраған

2017 жылы қылмыстық қудалауға ұшыраған журналистер саны рекордтық көрсеткішке жетті – 262 адам. Бұл туралы сәрсенбі күні Журналистерді қорғау комитеті (CJP) хабарлады. Ұйым мәліметі бойынша, қудалаулардың дені журналистің кәсіби қызметіне байланысты болған. Негізінен саяси оқиғалар туралы жазатын журналистер қудалауға ұшырап отырған.

Ресейде - бес, Украинада - бір, Қазақстанда - екі, Өзбекстанда - төрт, Әзірбайжанда - 10, Қырғызстанда бір журналист қызметіне байланысты қамалған. Ал Түркияда 73 журналист қамауда отыр.

Қазақстанда Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет сотталды. Оларды мемлекет қаражатын мақсатсыз пайдаланды деп айыптады. 2017 жылыдң желтоқсанында Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты.

Түркіменстанда 2015 жылы Радио Свободамен байланыс орнатқан журналист Сапармаммет Непескулиев рұқсат етілмеген дәрі сақтағаны үшін сотталды. Оның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Өзбекстанда журналист әрі адам құқығын қорғаушылар Бобомурод Абдулаев, Дильмурод Саид, Хаётхан Насреддинов және Юсуф Рузимурадов қамауда отыр.

Журналистерді қорғау комитеті Ресейде "Новая газетаның" штаттан тыс тілшісі Әли Феруз бен украиналық журналист Роман Сушенконың қудалауға ұшарағаны туралы жазды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 784
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 606
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 625