Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4051 0 пікір 5 Қараша, 2017 сағат 23:03

Ақтөбедегі «Жас кәсіпкер мектебіне» 70 азамат сұраныс білдірді

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлік әлеуетін анықтау, өскелең ұрпақты жеке кәсіп ашуға баулу, жас кәсіпкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен Ақтөбе облысында «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы жалғасын тапты.

2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып келе жатқан жобаның келушілерге берері көп.  «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы — жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуде кеңес беру, «Бастамалар жәрмеңкесі» сайысын ұйымдастыру, аталған байқауда үздік танылған бизнес-жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік алуға жол ашады.

18-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алатын жобаға биыл сұраныс білдіргендердің саны 70-ке жуық. Олардың көпшілігі — студенттер.

— Жобаға қатысушылар сабақ кезінде кәсіпкерлік қызмет түрлері негіздері мен бизнес-жоспар әзірлеу бойынша оқу-әдістемелік материалдарын, сонымен қатар, шағын кәсіп ашуға қажет анықтамалықтарды ала алады. «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы аясында бизнес-жоспарды сәтті қорғаған қатысушыларға куәліктер тапсырылады, — дейді бизнес-жаттықтырушы Бекжан Асаухан.

Аталған куәлік «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарлама аясында қаржылай грант алу байқауына қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, оқыту курсы екі аптаға созылады.

Айбек Тасқалиев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 694
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 420
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 432