Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2918 0 пікір 26 Шілде, 2017 сағат 14:12

«Тіл шебері-2017» республикалық конкурсы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсымасы бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК   2017 жылғы  27  қыркүйекте  Қазақстан халқы тілдерінің ХІХ республикалық фестивалі аясында мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2017» республикалық конкурсын ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты:

- жаһандық өркениет пен еліміздің  даму бағытына сай  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы  мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау көрсету;

- үштұғырлы тіл саясатын  насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді мемлекеттік қызметші жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Конкурсқа 21 - 29 жас аралығындағы орталық атқарушы органдарда қызмет ететін  мемлекеттік қызметшілер  қатысады.

Конкурс барысында «Тұсаукесер», «Ұлттаным», «Өнертаным» аталымдары бойынша  қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптың нақтылығы, сапалық деңгейі, мазмұндылығы мен ерекшелігі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі мәдениеті сынға түседі.

Конкурс жеңімпаздарын ғалымдар өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес тіл шеберлері дипломдармен, алғысхаттармен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Республика деңгейінде ұйымдастырылатын мұндай конкурс үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және мемлекеттік органдарда үштұғырлы тіл саясатының кең қолдау табуына ықпалын тигізеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, Тілеп Қобыз Сарайы, Керей, Жәнібек Хандар көшесі, 18

Өтетін уақыты:  2017 жылғы 27 қыркүйек, сағ.14.00

Байланыс телефоны: 8 (7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64

Абай-ақпарат

0 пікір