Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2081 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 22:14

Алдаберген Кемпірбай. Қулығына құрық бойламайтын саяси құрал - КВН

Кезінде 300 жыл бойы қыпшақтың, яғни қайсар қазақтың аяқ астында тапталған орыс халқы қазір қанша әлсіресе де, кеңес үкіметінен «мұраға» қалған империялық, озбырлық  пиғылынан арыла алмай отыр. Жаралы жыртқыштай тісін ақситып, азуын айға білеуге. Ресей Федерациясы құрамындағы республикалар, автономиялар қайта-қайта бас көтеріп, тәуелсіздікке қол жеткізуге тырысса да, кешегі «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» дәуірін аңсайтын «ұлы» халықтың шовинист өкілдері ТМД-ны ұршықша иіріп, ермектейтін ойыншыққа айналдыруды аңсауда. Бықсыған шоқты Қазақтың суын ішіп, нанын жей отырып, айылын жимаған, ел аман, жұрт тынышта шырқымызды бұзудан жалықпаған Захаров секілді зәрлі сайтандар үрлеп, сайқал жағымпаздығымен жоғарыдағы үзеңгілес-жақтастарына жағып, қолтығына су бүркуде. Ал, сол көршіміздің арагідік өзара шекісіп, пікір қағыстырып, шекелері қызарған соң ымыраласып, ауыз жаласатын қос қошқары Медведев пен Путин, өршіл де өскелең ұрпағының қамын ойлаған Грузия, Балтық жағалаулары сияқты «тентектердің» бәрекелді дегізерлік сүйкімді істерінен абдырап, Қазақстан, Украина тәрізді анда-санда жұлмалап, талап алуға үйреншікті бұрынғы бодан иеліктерінің тізгінін босатпауға жанталасуда. Қыр астындағы айыр қалпақты ағайынымыз Қырғыз елін қантөгіске арандатып, қақтығыс, кикілжіңдер арқылы ту-тулақайын шығарып, ақыры Отынбаева ныспылы қатынды қою нәтижесінде ол жуасытып алды.

Кезінде 300 жыл бойы қыпшақтың, яғни қайсар қазақтың аяқ астында тапталған орыс халқы қазір қанша әлсіресе де, кеңес үкіметінен «мұраға» қалған империялық, озбырлық  пиғылынан арыла алмай отыр. Жаралы жыртқыштай тісін ақситып, азуын айға білеуге. Ресей Федерациясы құрамындағы республикалар, автономиялар қайта-қайта бас көтеріп, тәуелсіздікке қол жеткізуге тырысса да, кешегі «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» дәуірін аңсайтын «ұлы» халықтың шовинист өкілдері ТМД-ны ұршықша иіріп, ермектейтін ойыншыққа айналдыруды аңсауда. Бықсыған шоқты Қазақтың суын ішіп, нанын жей отырып, айылын жимаған, ел аман, жұрт тынышта шырқымызды бұзудан жалықпаған Захаров секілді зәрлі сайтандар үрлеп, сайқал жағымпаздығымен жоғарыдағы үзеңгілес-жақтастарына жағып, қолтығына су бүркуде. Ал, сол көршіміздің арагідік өзара шекісіп, пікір қағыстырып, шекелері қызарған соң ымыраласып, ауыз жаласатын қос қошқары Медведев пен Путин, өршіл де өскелең ұрпағының қамын ойлаған Грузия, Балтық жағалаулары сияқты «тентектердің» бәрекелді дегізерлік сүйкімді істерінен абдырап, Қазақстан, Украина тәрізді анда-санда жұлмалап, талап алуға үйреншікті бұрынғы бодан иеліктерінің тізгінін босатпауға жанталасуда. Қыр астындағы айыр қалпақты ағайынымыз Қырғыз елін қантөгіске арандатып, қақтығыс, кикілжіңдер арқылы ту-тулақайын шығарып, ақыры Отынбаева ныспылы қатынды қою нәтижесінде ол жуасытып алды. Тек, әйел затының Астана саммиті секілді үлкен жиындарда әдемі сөйлеуден әрі аспасы, мардымды шаруа шешпейтіні бесенеден белгілі жайт.

Міне, Қытайдың қарқынды қимылынан, Американың түрлі қайырымдылық шаралары арқау болатын «ұзақ мерзімді» ақкөңілдігінен бойын үрей билеген әлгі екеудің әкімшілігі баяғыдан жастардың санасын жаулаған КВН (қазақша тәржімасы КТК, осылай атай берейік, дәстүрімізге, ділімізге жат дүние ғой) ойының жаңаша келбетте жаңғыртып, саяси мүддесіне пайдалануға білек сыбана кіріскендей. Мәскеудегі Масляковтың мәстектері де бұны іле-шала құп алғандай. Оны, көрінген қоқыр-соқырды, көшірме қоқысты экран арқылы төбемізге бөгетсіз үйіп-төге беретін теледидар, отандастарымыздың санасыны ыстығы басылмай жатып мықтап сіңіруде.

Негізгі тақырыпқа зейін қойсақ, таяуда, еуразияшыл ұғымның жаршысы іспетті «1-ші Еуразия» арнасынан таратылған, КВН-ның 49 жылдық туған күніне орай ұйымдастырылған ашық кубок сайысы, заманның зұлымдығы мен запыранынан жапа шеккен секем көңілді одан сайын аласапыран күйге түсірді. Кешкілік даладағы үскірік аяздан үйде тығылған менің жайдары жүзім лезде әлемтапырақ болып бұзылды. Енді, сахнадағы ТМД-ның 11 құрама командасы орысша сайрап, қазылар алқасының мүшелері ешкімнен именбестен, ашықтан ашық, залдағы иін тіресе сығылысқан жұртшылықты пысқырмастан, кеше ғана ата-бабамызды қынадай қырып, кейінгі буынды тағдыр тәлкегіне ұшыратқан кеңестік сұрқайы саясатты ұрандап, орекеңнің шошқа сасыған қойнына шақырса! «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің» демекші, сорақы сандырақ пен ақылға сыйымсыз ұлтты мазақтау, қорлау тізбегі үзбей көз алдымыздан өте берді... Әзіл-қалжыңның көрігін қыздырған қазақтың келешегінен үміттенген атпал жігіттері орыстың қорбаңдаған дәуіне төменнен аянышты кейіпте қарап, қызымыз белінен құшақтап, кенедей жабысты. Қаншама қаржы құйғандағы сырт елде масайрағанымыз осы ма? Қазылық еткендердің біреуі, түркі тектес халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, тәжіктің тілі бұрын акценттен ажырамаса, қазір таза таңдайы тақылдап, шүлдірлегенде аю тектес орыстан тіптен қара үзетінін мақтан тұтса, екіншісі кештің шымылдығын жаба келе ТМД атауындағы «тәуелсіз» деген біздің киелі де қастерлі қазынамызды жек көретінін жар салып, тамағы жыртылғанша айғалады. Оған, қолдарына көкелері қыстырған ақшаға малданған квнщиктер де, арзан күлкіге алданған көрермен де мәз-мейрам, алақандары ашығанша шапалақ соқты.

Қараша айының аяғында өтіп, қалың бұқара желтоқсанда теледидардан тамашалаған бұл кездесуде қатысушылар ең тартымды деген қойылымдарын сыйлапты. Мерекелік бағдарламаға байланысты «Астана.кz» және «Қазақтар» командалары біріккен. Осылай КВН-ның туған күнін жаппай тойлап, бір кісідей атсалыстық...

Нұрлан Қоянбаев, «Қазақтар» командасының «серкесі»: «Осындай фестивальдер мен кубоктер жиі өткізіліп тұрса! Көрермендер көңіл көтеретін дүниелерді ұнатады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының елдері тату өмір сүру керек. Жолдастық кездесу болғандықтан, баға қойылған жоқ, бәрі де жақсы өнер көрсетті», - деген екен лепірген көңілде.

Әрине, халықтар достастығын әспеттеу идеясы, яғни «модасы» бүгінгі таңда ТМД аумағындағы қожайындарға ұнайды, ұпайын еселейді. Ал, жойқын идеологияның егемен елдің ұландарының санасын улауда, тұқыртуда зияны өлшеусіз екені ащы ақиқат.

Ақпарат агенттіктері жарыса шулағандай, ТМД КВН тұңғыш кубогын Балтық жағалауы құрамасы қанжығасына байлады. Александр Ширвиндт, Леонид Ярмольник, Юлий Гусман и Константин Эрнст секілді орыстың орғыған азаматтарының көксегені мен көкігенінің түпкілікті тамыры осыған тіреледі. Нағыз асауды жуасытудың тиімді тәсілі.

Халықаралық КВН одағының төрағасы Александр Масляков та мәңгілік лауазым бұйырған тұлға ретінде әзірге шау тартпайтындай. Маңғазданып, қажет тұста түсін суытып, жан-жақтан ағылған жастарға орныңды біл дегенге меңзейтіндей.

Тағы бір бұл КВН-нан түйгеніміз, түркі тектес халықтардың талай жылғы тәуелділіктің зардабынан тізгінді славян нәсілге беріп қойғаны. Әйтпесе, әзірбайжан тапқырларының сахна төрінен «ақсақал» деп ортақ көне тарихымызға, ұқсастығымызға нұсқағаны, алыптардың айтағына ере бермеу керегін айқын байқатып тұрған жоқ па? Таусылып бітпес дау-дамайды азайтып, одақтас ел боп әлемге танылсақ, мүмкін Ресей, Қытай секілді халқы құмырсқадай құжынаған мемлекеттер қос бүйірден қыспас па еді?!

«Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір