Жұма, 3 Мамыр 2024
3657 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 08:50

Өзбекстан Орталық Азияда біріңғай энергия жүйесінің дамуына мүдделі

Өзбекстан Орталық Азиядағы "энергетикалық дөңгелектің" кеңеюіне және нығаюы үшін бірқатар шаралар қолданбақшы. Бұл жөнінде "Өзбекэнерго" өкілдері мәлімдеген.

«Бүгін Өзбекстан және Орталық Азияның энергетикасы дөңгелек жүйе бойынша жұмыс істейді. Біз одан әрі де бұл жүйені кеңейту үшін барлық мүмкіндіктер жасаймыз. Қазір біз ауған халқына көмектесу үшін, Ауғанстанмен жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті «Өзбекэнерго» стратегиялық даму басқармасының басшысы Эсо Садуллаев.

Оның сөздерінше, компания CASA-1000 жобасымен жұмыс істеуді де талқылап жатыр. Бірақ бұл бойынша шешімді Өзбекстан үкіметі қабылдайды.

Қазіргі уақытта «Өзбекэнерго» жыл сайын сағатына 60 млрд кВт электр энергия өндіреді. Оның 10 пайызын ГЭС және 90 пайызын жылу электр станциясы шығарады.

Біріңғай энергетикалық жүйе Совет Одағы кезінде құрылған. Ол Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінде электр жетіспеушілігінің болдырмауына мүмкіндік берген. Бірақ СССР құлағаннан кейін, мемлекеттердің келіспеушілігінен біртіндеп маңызын жоғалтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 847
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 697
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 547
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 553