Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5641 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:27

Адамзаттық құндылықтардың үш өлшемі

Адамзаттық құндылықтардың үш өлшемі
ЕҚЫҰ-ның үшінші адами яғни гуманитарлық өл­шеміне қоғамды демокра­тияландыру, адамның не­гізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қам­­тамасыз ету, білім беру, адам саудасына қарсы күрес, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен сайлау заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету, гендерлік тепе-тең­дікті ілгерілету, тағы басқа да мәселелер жатады. Сонымен қатар, үшінші өл­шемде қауіпсіздік тұжырымдамасына не­гізделген шаралар қарастырылып, соған халықаралық қоғамдас­тық­тың назары аударылады.
АДАМИ ӨЛШЕМ
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­­­ағасы міндетін қабылдаған күннен бас­тап, Ұйым аясында гуманитарлық "себет" мәселелерін алға жылжы­туға ерекше маңыз берді. Сон­дықтан да еліміздің төрағалығы ЕҚЫҰ қызметінің тиімділігін арттырып, оның мәртебесін көте­руге қатысты белсенді іс-қимыл танытуымен өтіп келеді. Осыған байланысты, Қа­зақстан бүгінде Ұйымның Демо­кратиялық инс­титуттары және адам құқығы жөніндегі бюросының, Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың, БАҚ еркін­дігі жөніндегі өкілдің және Пар­ла­менттік Ассамблеяның жұмыс­тарына қол­дау көрсете отырып, олар­мен тығыз ын­тымақтастықта жұмыс істеуде.

Адамзаттық құндылықтардың үш өлшемі
ЕҚЫҰ-ның үшінші адами яғни гуманитарлық өл­шеміне қоғамды демокра­тияландыру, адамның не­гізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қам­­тамасыз ету, білім беру, адам саудасына қарсы күрес, сот жүйесінің тәуелсіздігі мен сайлау заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету, гендерлік тепе-тең­дікті ілгерілету, тағы басқа да мәселелер жатады. Сонымен қатар, үшінші өл­шемде қауіпсіздік тұжырымдамасына не­гізделген шаралар қарастырылып, соған халықаралық қоғамдас­тық­тың назары аударылады.
АДАМИ ӨЛШЕМ
Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­­­ағасы міндетін қабылдаған күннен бас­тап, Ұйым аясында гуманитарлық "себет" мәселелерін алға жылжы­туға ерекше маңыз берді. Сон­дықтан да еліміздің төрағалығы ЕҚЫҰ қызметінің тиімділігін арттырып, оның мәртебесін көте­руге қатысты белсенді іс-қимыл танытуымен өтіп келеді. Осыған байланысты, Қа­зақстан бүгінде Ұйымның Демо­кратиялық инс­титуттары және адам құқығы жөніндегі бюросының, Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың, БАҚ еркін­дігі жөніндегі өкілдің және Пар­ла­менттік Ассамблеяның жұмыс­тарына қол­дау көрсете отырып, олар­мен тығыз ын­тымақтастықта жұмыс істеуде.
Төрағалықтың өткен тоғыз айында Қа­зақстан ЕҚЫҰ-ның гу­манитарлық өлшемі аясында та­рих­та қалатын, өзге елдерге үлгі бола­тын ауқымды жұмыстар атқарды. Оны көптеген мүше елдер мен әріп­тес мемлекеттер қазірдің өзінде жоғары бағалауда. Қазақстан Ұйымның Іс басындағы төраға­сы ретінде дер шағында тиімді кон­суль­тациялар жүргізе отырып, қатысушы елдермен консенсустық уағдаластыққа қол жеткізді. Соның нәтижесінде ЕҚЫҰ-ның Тұ­рақты кеңесі 2010 жылы өткізілетін гума­нитарлық өлшемнің барлық шара­лары бо­йынша шешім қабылдады. Ол жоспарланған бес міндетті іс-шарадан, яғни үш қосымша кеңес­тен және адами өлшем жөніндегі семинар мен гуманитарлық сала­да­ғы шолу конференциясынан тұ­ра­ды.
Осы іс-шаралар белгіленген жоспар бо­йынша өз уақытында өткізіліп келеді. Атап айтқанда, 6-7 мамырда Венада "Ген­дерлік балансты ілгерілету және әйел­дердің қоғамдық-саяси өмірге қа­тысуы" деген тақырыпта Ұйым­ның жыл сайынғы бірінші қо­сым­ша кеңесі өтті. Кеңеске қаты­сушылар алдағы уақытта гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін ұлттық заңна­малар мен халықара­лық құжаттар­ды соған жақын­датуға ықпал ету, әйелдердің саяси партиялар мен қоғамдық өмірдегі мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту жайында пікір алмасты, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Әйелдердің құқығын қорғау, сондай-ақ, гендерлік теңдік сая­саты Қазақстан үшін де, ЕҚЫҰ кеңіс­тігін­дегі елдер үшін де аса өзекті мәселелердің әрі басым бағыт­тар­дың бірі болып табылады. Сол себепті, Ұйымның Іс басын­дағы төрағасы бастапқы кезде-ақ өзінің гендерлік мәселелер жө­ніндегі жеке өкілі лауазымын бекі­ту туралы бас­тама көтерген бо­латын. Бұл баста­ма қолдау тауып, осы жылдың 13 шілдесінде аталған қызметке Ашық қоғам инсти­тутының саяси мәсе­лелер жөнін­дегі сарапшысы аме­рикалық Уэнди Паттен бекітілді.
Консенсустық негізде қабыл­дан­ған ше­шімге сәйкес "Ұлттық азшылыққа жататын тұлғалар бі­лімі: интеграция және тең мүм­кіндік" тақырыбындағы екінші қосымша кеңес 2010 жылдың 22-23 шілдесінде Вена қаласында өтті. Бұл жиынның ең басты ерек­ше­лігі, ЕҚЫҰ қызметінің тарихында гу­ма­нитарлық өлшем бойынша ұлт­тық азшылық құқықтарын қор­ғау проб­лемаларына арнал­ған тұңғыш іс-шара болды. Осыған және онда қаралған өзекті мәсе­лелерге байланысты ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек Қазақстанға шынайы алғысын білдірді.
Адами өлшемнің ма­ңызды бағыттары­ның бірі сот әділдігі мен заң үстемдігі болып табылады. Осыған орай, еліміз 17-19 мамырда Варшавада "Тәуелсіз сот жүйесін нығайту және жұрт­шы­лық­тың әділ сотқа қолже­тімділігі" деген тақырыпта се­ми­нар өткізуге ұйытқы болды. Онда сот тәуел­сіз­дігі мен сот әділдігіне қатысты өзекті мә­се­лелер қарас­тырылды. Қазақстан төр­ағалығы барысында, сондай-ақ, Ұйым ке­­ңіс­тігінде толеранттылық пен мә­дениет­ара­лық үнқатысуды ор­нықтыруға ерекше мән беріп отыр. Еліміздің этносаралық және конфес­сия­аралық келісімді нығай­туда әлем елдерінде үлгі болатын тәжірибесі бар.
Толеранттылық тақы­ры­бы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығында да, келесі жылы Ислам Конференциясы Ұйымына басшылық ету кезінде де күн тәртібінен түспеуге тиіс. Соның бір дәлелі үсті­міздегі жылдың 29-30 маусымында Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның толе­ранттылық және кемсітушілік жөніндегі конференциясы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жиында сөйлеген сөзінде өтіп бара жатқан онжылдықта толеранттылық сая­­са­тында айтарлықтай алға басу­шы­лық болғанын, оған енді бірлесіп талдау жасау қажеттігін, жаңа он­жыл­дыққа "ЕҚЫҰ: жаңа онжыл­дыққа толеранттылықпен" атты шартты белгідегі құжатпен шығу керектігін қадап айтқан болатын.
Осы өлшем аясындағы тағы бір жиын Қазақстанның бастамашы болуы­мен 10-11 маусымда Данияда өтті. Бұл конференция ЕҚЫҰ-ның адами өлшемінің негізін қалаған Копенгаген құжатының 20 жыл­дығына арналды. Конференцияға қатысушылардың пі­кі­рінше, жиын аса табысты болды. Онда Ұйымға мүше мемлекеттердің өткен кезең­де Копенгаген құжатында көрсе­тілген мін­деттемелерді орын­даудың қо­рытындысы шы­ғары­лып, құжатта мазмұндалған мәсе­ле­лерді әрі қарай жүзеге асырудың жолдары қарастырылды.
Ұйымның төрағасы ретінде Қазақстан сайлау өтетін елдерге байқаушыларды жібе­ру, парламентаралық байла­ныс­­тарды терең­дету жайына да баса мән беруде. Биыл ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы миссиясының құрамында қазақстандық байқау­шылар Ук­раинадағы президенттік, Тә­жікстандағы пар­­ламенттік, Гру­зиядағы муниципальдық сай­лаулар мен Қырғызстандағы референ­дум­­ға қатысты. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Қазақстан Парламентінің ұйым­дастыруымен 2010 жылдың 14-16 ма­мырында Алматыда өткен "ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшем­дері" тақырыбындағы трансазия­лық парламенттік форумның Қазақстан­ның Ұйым­ға төрағалық еткеннен бергі уақыт ішін­де өт­кізген ең ірі және аса ауқымды шараларының бірі болып табылады. Оның жұ­мысына ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің парламентарийлері ғана емес, Жерорта теңізі мен Азия­дағы әріптес елдердің және Пәкістан мен Катардың парла­ментшілері, сондай-ақ, диплома­тия­­лық корпустың, ЕҚЫҰ инс­титут­тарының, өзге де парла­менттік ұйымдардың өкілдері қа­тысты. Алқалы жиында Ауған­стандағы жағ­дай, лаңкестікпен, есірткі тра­фигімен күрес, қару­сыздану, эко­номикалық даму, ресурстарды басқару, еңбек көші-қонын реттеу, экологиялық проб­лемалар, діни толерант­тылық, адам саудасына қар­сы күрес, гендерлік теңдік се­кіл­ді аса өзекті мәселелер талқы­ланды. Қыр­ғыз­стан­дағы жағдай да жиынға қатысушыларды тол­ғант­ты.
Қазақстанның төрағалығымен жүргізіл­ген транспаренттік сайлау үдерісі мен белгіленген мерзімде қатысушы елдердің ЕҚҰЫ-ның БАҚ бостандығы мәселесі бо­йынша жаңа өкілі болып Босния мен Герцеговина азаматы Д.Миятовичті сайлау жөніндегі келісімге келуі ерекше назар аудартады. Атап өту керек, рейтингілік дауыс беру кезінде Венадан «батысқа қарай» және «шығысқа қарай» елдер арасындағы қарсы тұру байқалды. Алайда Қазақстан сындарлы кеңес жүргізу арқылы мықты және бейтарап кандидатураны таңдап алуға қол жеткізді.
Төрағалықтың тоғыз айы ішінде Ұйым­ның гуманитарлық өлшеуі бойынша атқа­рылған жұмысы ауқымды. Қазіргі күннің өзінде Қазақстан төрағалығын көптеген қа­тысушы мемлекеттер мен Ұйымға әріптес елдер табысты деп бағалауда.
Қазақстан жыл соңына дейін тағы да бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәселен, 4-5 қарашада Вена қаласында «Дін және ар-ождан бос­тандығы» тақырыбына үшінші қосымша ке­ңес өтеді. Қазіргі уақытта Ұйымға қатысушы елдермен Астанада 26-28 қарашада өтетін гуманитарлық өлшем саласындағы шолу конференциясына дайындық жүргізілуде. Осы конференция аясында демократиялық сайлауға; азаматтық және саяси құқықтарға; еркін ойға, ар-ожданға, дінге, сенімге; жиналыстар, ассоциациялар еркіндігі; қозғалыс еркіндігі; сот билігінің тәуелсіздігі және басқа үшінші себеттің көкейкесті құрамдастарына қатысты мәселелер қаралатын болады. Сондай-ақ, Астанадағы үш күндік отырыс­та БАҚ еркіндігі; мигранттарға қатысты төзбеушілік; сондай-ақ, адамдар саудасына, әсіресе балалар саудасына қарсы күрес тақырыптары да енгізіледі.
Ал осылардың ішінде ең бастысы әрі аса ауқымдысы - Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі саммиті. 11 жылдан бері шақырылмай, биыл желтоқсан айының 1-2 күндері Астанада өткізілетін ЕҚЫҰ саммиті Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл ТМД елдері мен Ұйымға мүше барлық 56 мемлекет үшін де маңызы зор оқиға болмақ.

Аман ЖАНҒОЖИН.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 598
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 337
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 344
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350