Бейсенбі, 23 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2353 0 пікір 10 Қазан, 2010 сағат 12:17

Қасқабас Қазақ. Адамның көлеңкесі сияқтанып...

Өткен аптада біздің портал қазақ зиялыларының билікке жағынып, Мұхаңша айтқанда «туфли жалауы» хақында бірнеше мақалаларды жариялаған болатын. Кеше ғаламтордан осы құлдық індеттің Ресейдегі «ең озық үлгілері» туралы хабардар болдық.

Ресейдің толыққанды билеушісі Владимир Путиннің туған күніне «сыйлық» ретінде Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистка факультетінің студент қыздары тыр-жалаңаштанып суретке түсіп, солардан түрлі-түсті эротикалық күнтізбе жасаттырыпты. Әлемге әйгілі білім ордасының қыздары өз суреттерін Путин мырзаға арналған «Вы лучший!», «Прокатите на «Калине», «Ну а кто, если не Вы?», «Возьмите вторым пилотом» т.с.с. ұрансөздермен көмкеріпті. Бір сөзбен айтсақ, осы арқылы болашақ журналистер өздері таңдаған мамандық пен дүниедегі ең ежелгі кәсіп арасындағы алшақтықты жоюға қарқынды қадам жасапты.

Бұған не деуге болады? Азғыны кім? Жастарын жезөкше қылған билік азғын ба? Әлде ұры билігі үшін өздерінің ар-намысын аяқасты қылған жастар азғын ба? Заман азғын ба әлде адам азғын ба? Жауабы өздеріңізде. Бір тілеріміз: қазақ жастары осылардан «үлгі» алмаса екен...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2288
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2638
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2709
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1727