Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4007 0 пікір 8 Сәуір, 2015 сағат 13:20

ҚАТЕЛЕСКЕНДЕРІ ҮШІН ҚАТТЫ ӨКІНІП ОТЫР

Ресейдің бір телеарнасы берген тапсырыс бойынша украиналық продакшн студия түсірген «Одинокие сердца» фильмінде тәжік отбасы деп көрсетілген сурет туралы кешелі бері әңгіме болып жатыр. Аталған фильмде «тәжік отбасы» деп Назарбаевтар отбасы көрсетілген. Кеше осы жаңсақтыққа байланысты ҚР Президенті баспасөз қызметінің жетекшісі, әрі Президент кеңесшісі Дәурен Абаев фильмді түсірушілердің тірлігін сынға ала отырып, оларға артық жарнама жасаудың қажеті жоқ деген-ді. Ақорданың ресми өкілінің сөзі украиналықтарға жетіп үлгерсе керек, бүгін аталған сериалдың бас продюсері Ирина Заря барын айтып ақталып жатыр.

Заряның сөзіне қарағанда, фильмге керекті материалдар түсіру алаңына дер кезінде жетпегендіктен әлгі сурет ғаламтордан көшіріліп алына салған. Сөйткенде, Назарбаевтар отбасы «тәжік отбасы» болып кете берген.

- Біз мынандай сорақы ісіміз үшін қатты айыптымыз. Суретті ғаламтордан шығарып алып пайдалануға берген адамдар жазасын алатын болады. Біздің бөтен-бөгде ойымыз болған жоқ. Әлемге танымал тұлғаның бет-беделіне де нұқсан келтіруді ойымызға алған емеспіз. Қазақ халқы бізге дос, бауыр, туыс халық, - дейді көп сериялы фильмнің бас продюсері Ирина Заря ханым.

Еліміздегі танымал адамдарға қатысты қателік бір бұл емес. Бұның алдында сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәдениет және спрот министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының суреттері де әлдебіреулермен шатастырылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, әлгі фильмде таспаға тартылған сурет Ресейге жұмыс іздеп келген гастарбайтер тәжік отбасы деп көрсетілген. 

Абай-ақпарат  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 771
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 581
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 478
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 491