Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4065 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 16:10

Созақтағы соны істер

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру мен мал өнімін өңдеу цехы салынатын мәлім етті деп хабрлайды Абай-ақпарат.

 

Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Мәселен, деді ол, ауданда асыл тұқымды ірі қара мал басын өсіру мен мал өнімін өңдеу цехы салынбақ. Бұл жұмыстарға «Катко» біріккен кәсіпорны 400 млн. теңге көлемінде инвестиция құятын болады. ─ Бұл жоба «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Құрылысы таяу арада басталатын жоба аудан экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту үшін жоспарланған. Сонымен қатар, ауданда түйе сүтін өндіретін кооператив құруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда, цех орналасатын ғимарат белгіленіп, несие алуға қойылатын кепіл құжаттар мен кооперативтің жарғысы дайындалуда, - деді М.Исаев.

Айта кететін жайт, ауданда мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында мектеп пен балабақша салу да жоспарға енген. Сонымен қатар,  аудан басшысы өткен жылғы негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы ауданда жалпы өңірлік өнім көлемі 224 млрд. 646 млн. теңгені құраған. Оның ішінде: өнеркәсіп саласының үлесі 204 млрд. 19 млн. теңгені, ауыл шаруашылық саласының үлесі 9 млрд. 31 млн. теңге, құрылыс саласының үлесі 10 млрд. 303 млн. теңгені құрайды. Ал аудан экономикасына 46 млрд. 149 млн. теңге инвестиция тартылған. 

 Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 707
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 521
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 439
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 452