Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 6739 0 пікір 12 Қазан, 2016 сағат 11:00

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. ЗАҢ НЕГЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Кез келген мемлекеттің өз ақ­па­рат­тық қауіпсіздігін қорғауда, елдің әртүрлі салаларының дамуы мен жіті саралануында, қоғамдық қатынастарда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі өте зор. Ал ақпараттарды таратуда түрлі құралдар мен амалдар қол­данылатыны белгілі. Деген­мен, отандық ақпараттық кеңіс­тікті одан әрі дамытып, бәсекеге қабі­леттілігін арттыру үшін бұқа­ра­лық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, байланыс және ақпараттандыру мәсе­­лелері бойынша заңнаманы жетіл­­дірудің маңызы тіптен зор. Бұл жөнінде «Ақпарат және комму­ника­циялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгерту­лер енгізу туралы» тұжы­рым­дама жобасының қо­ғамдық талқылауға кеңінен түс­кендігін мысалға келтіруге болады. Осы орайда, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің аталған тұжырымдаманы egov.kz порталында ашық талқылауға ұсы­нуының өзі салалық ведомствоның жұ­мысындағы ашықтықты көрсе­тетінін айта кеткен жөн.

Ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету

Тұжырымдамадағы ақпа­рат­тандыру саласындағы мәселелерге кеңірек тоқталар болсақ, оған тың өзгерістер енгізу қажеттілігі ай­қын байқалады. Мәселен, «Ақпа­рат­тандыру туралы» заңға сәйкес, ақпараттық сүйемелдеу барысы пайдалануға арналған ақпарат­тық жүйені оның мақсатына сай қол­данылуын қамтамасыз ету ретін­де айқындалған. Соның ішінде түзету, модификациялау және бағ­дар­ламалық қамтудағы олқылықтарды жаңғыртусыз және қосымша қыз­меттік талаптарды жүзеге асыр­май-ақ оның тұтастығын сақтау шартымен жүргізу шаралары қамтылған. Алайда, ақпараттық жүйе міндетін болмашы айқындау қажет еткен жағдайда проблема туындайтыны да рас. Мәселен, мемлекеттік қыз­метті автоматтандыру үшін ақ­па­раттық жүйе міндетін реттеу қажет екен. Алайда қолданыстағы заңға сәйкес, бұл үдеріс мүмкін емес. Осыған байланысты «Ақ­па­рат­­тан­дыру туралы» заңға мемле­кеттік орган қызметін және олар көрсе­тетін мемлекеттік қыз­мет­терді автоматтандыру кезінде ақ­парат­­тық жүйелердің даму үдері­сін же­ңіл­дету бөлігіне өзгерістер ен­гізу қа­жет болады. Бұл тәжірибе жүзін­де ай­қындалып тұрған мәселе көрінеді.

Сол сияқты ақпараттандыру са­ласында нақты бір ережелер бол­мауының салдарынан мем­ле­кет­тік органдар қызметінің ашық­­тығы мен айқындығы және ақпа­рат­­тан­дыруды іске асыру моде­лінің бар­лық қатысушылары лайықты қам­тамасыз етілмеуі нәтижесі өз ке­зе­гінде сыбайлас жемқорлық жағ­дайдың туындауына, соған ықпал етуге, тіпті үдеріске қатысушыларға қысым көр­сету тетігін тудыруға соқ­тыруы мү­м­кін. Міне, аталған Тұжы­рым­дамада айтылғандай, осыған сәй­кес, мемлекеттік орган, «элек­­тронды үкіметтің» ақпа­рат­тық-ком­­муникациялық инфра­құ­ры­лым операторы және сер­вистік бағдарламалық өнімдерді жет­кізушілер арасындағы ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету келісімшарттарын заң деңгейінде реттеу қажет етіледі.

Ақпарат заңдылығының талаптары

Тұжырымдамада Интернет арқылы бұқаралық ақпаратты таратудың жаңа технологиялары мен формаларының пайда болуы мен белсенді дамуының аясында түр­лі Интернет ресурстардағы ақпа­рат таратушылардың («бло­гер­лердің») қызметін заңнамалық реттеу мәселесінің өзектілігі артуда екендігі айтылады. Әрине, заңна­мада қолданысындағы «интернет-ресурс» түсінігін «блогерлерге» сәйкес қайта қарастыру ұсы­­нылады. Сонымен қатар, атал­ған мә­селелер блогында уәкілет­ті органда интернет-ресурстарды же­лілік басылым ретінде тір­кеуге қоюға қатысты құқықтық қайшы­лық­тарды алып тастау қажет екендігі ес­керілген. Өйткені, ерікті түрде есеп­ке қойылғаннан кейін интернет-ре­сурстың БАҚ ретінде толық құ­қықтық субъектілік алу қағида­тын толықтай заңнамалық тұрғы­да бекіту ұсынылып отыр. Өйткені, блогосфераға қатаң бақы­лау орнату қоғам үшін тиімсіз. Нақ­тырақ айтқанда, мұнда көзделгені отандық блогосфераға қатаң бақы­лау орнату емес. Аталған Тұжы­рым­дамада әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларына өз қалауымен желілік басылым ретінде тіркеуге тұру мүмкіндігін беру ұсынылып отыр. Яғни, бұл дегеніміз оларға жаңа мүмкіндік пен құқық беріледі деген сөз.

Бұл орайда журналистік қыз­метті реттеу мәселесі де кенде қалмаған деп пайымдаймыз. Өйт­кені бүгінде БАҚ саласындағы қол­даныстағы заңнамамен мемле­кеттік органдардың ресми хабар­ламаларын тарату реттеледі. Алайда квазимемлекеттік сектор мекемелерінің және басқа да меке­мелердің ақпараттық хабарламалары заңнамада көрсетілмеген. Осылай бола тұра, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес жоғарыда көрсетілген мекемелер ақпаратты таратушы болып саналады және оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнама барлық меншік түріне жататын мекемелерден БАҚ-тың ауызша және жазбаша сұраным арқылы ақпарат алуындағы қоғамдық қатынастарды реттемейді. Демек, мұнда «Ақпа­раттық хабарлама» және «міндетті хабарлама» ұғымдарын енгізіп, сондай-ақ БАҚ-тың ауызша және жазбаша сұранымдарына ақпарат ұсыну процестеріне қойылатын талаптарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады.

Ақпарат өрісі – байланыс

Тұжырымдама жобасындағы негізгі нысандар – бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, ақпараттан­дыру және байланыс, ақпарат­тық қауіпсіздік саласындағы қоғам­дық қатынастар болып табылады дедік. Ендеше мұндағы мақсат та бұқаралық коммуникация технологияларының дамуына ілесе өзгеріске ұшыраған БАҚ, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс саласындағы қоғамдық қаты­настарда қолданылатын нормаларды нақтылау мен оған жаңа­лық­тарды енгізу арқылы құқық­тық тұрғыдан байланысты реттеу қажет­тілігі жоғарыдағыдай заң жобасын қабылдауға негіз болып отыр.

Тұжырымдамадағы үш негізгі мәселені атап өткен жөн дейміз. Мәселен, заңнамада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сала­сындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік инс­ти­тутын жетілдіру көзделген. Бұл арада бір айта кетерлігі, аталған заң жобасында, сондай-ақ, осы саланы реттеу мәселесі бойынша құқық қолдану тәжірибесімен байланысты қиғаштықтарды жоюға бағытталған басқа да ережелер қарастырылған. Екіншіден, азын-аулақ құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілік шараларын қайта қарастыру ұсынылғаны жайлы атап өтуге болады. Үшіншіден, интернет арқылы бұқаралық ақпаратты таратудың жаңа технологиялары мен формаларының пайда болуы мен белсенді дамуының аясында түрлі интернет ресурстардағы ақпарат таратушылардың («бло­гер­лердің») қызметін заңнамалық реттеу мәселесінің өзектілігі артуда. Жалпы аталған Тұжырымдамағы өзгерістердің бәрі заман талабына сай жақсылыққа бір қадам болса да жақындау екендігін ұғынған жөн.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан»

P.S. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осы Тұжырымдамаға қатысты екі рет Фейсбуктегі парақшасында арнайы хабар жазып, жұртшылықты белсенді талқылауға шақырған болатын. Ертең, яғни 12 қазанда Тұжырымдаманы ашық талқылау мерзімі аяқталады. Құжат сайттан алынатындықтан, енді оған қатысты еgov.kz порталында пікірлер мен ұсыныстар жазу мүмкін болмайды. Ал бүгінге дейін 6 пікір ғана жазылыпты. Бұл да болса, біздің осы саладағы жалпы жұртшылық пен мамандардың, сарапшылардың бейжайлығын байқатса керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 672
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 470
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 411
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 412