Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3519 0 пікір 6 Қыркүйек, 2016 сағат 10:51

Павлодарда Оңтүстіктің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындаумақсатындаалғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы "Абай ақпарат"ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке болашақта өңірлер арасында  тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысынан он бестен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Оңтүстік қазақстандық  дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған  барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты.

Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық  екенін тағы да дәлелдеді.

Айта кетейік, өңірлер арасындағы әріптестікті дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі - облыстық ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу болып табылады. Астықты оңтүстіктің тауарлары павлодарлық тұрғындардың көңілінен шығып, жәрмеңкеге жиылған жұрт мәз-мейроам тарқасты.

Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 683
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 477
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 417
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 418