Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4054 0 пікір 16 Тамыз, 2010 сағат 04:11

Құс қанаты талатын даламыздың «құжатталғанына» 90 жыл толды

1920 жыл балы мен уын қатар ұсынды. Дәл осы жылы 26 тамызда Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Және автономияның территориясы белгіленді. Жан алысып, жан беріскен осынау тарихи кезеңде мәңгілік маңызға ие территориялық аумақ яғни шекара мәселесінде Алаш зиялылары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Уәлитхан Танашев, Мұхтар Әуезов сынды ұлт қорғаны болған қайраткерлер құс қанаты талатын қазақ жерінің тұтастығын құжатпен бекіттірді.

Тарихтың сарғайған парақтарының бұлтартпас айғағы - жоғарыда аталған Алаш зиялылары 1920 жылдың сәуір айынан тамыз айына дейін Мәскеуде қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға және оны құжатпен бекіттіру үшін бел жазбай жұмыс істеген. Мәңгілік маңызға ие мәселенің негізгі шаруасымен Әлімхан Ермеков айналысқан.

Автономия құру және оның территориясын белгілеу жөніндегі комиссияның отырысында Әлімхан Ермеков қазақ жері және автономия туралы баяндама жасайды. Әлімхан Ермеков жасаған баяндама бойынша, қазақ жерінің аумағы 3 млн. 467 мың 922 шаршы шақырымды қамтыған.

Автономия құру және оның территориясын белгілеу жөніндегі комиссиясының соңғы отырысы 20 тамыз күні өтіп, «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы астанасы болып бекіген автономияның территориясына - Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі енді.

Қазақтың территориялық аумағын бекіткен бұл құжатқа биыл тоқсан жыл толып отыр. Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның территориялық аумағының негізінде дәл осы тарихи құжат жатыр.

1920 жылдың уы туралы бір сөз. Осы жылы құрылған Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы тұсында және кейінгі Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы дәуірлеп тұрған кезде 1921-22 жылдардағы ашаршылық. қазақ байларын кәмпескелеу, 1931-1933 жылғы жаппай ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия, 1941-1945 жылдардағы екінші дүнижүзілік соғыс, 1947-1951 жылдардағы ғылым саласындағы қудалау, тың игеру, 1986 жылғы желтоқсан ұлт-азатық көтерілісі қолдан жасалды. Бірақ әлі күнге дейін аталған тарихи қырғындар мен қасіреттерді ешкім мойнына алған емес...

Біз алдағы уақытта қазақ жерінің тұтастығы, мемлекеттік шекарасының қалыптасуы туралы індете жазатын боламыз және бұл тақырыпқа байланысты тарихышыларымыздың, қалам ұстаған зиялы қауымның тартынып қалмағанын қалаймыз!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 991
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 858
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 648
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 722