Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5035 0 пікір 25 Наурыз, 2016 сағат 10:56

ЕЛБАСЫ МЕКТЕПТЕРДЕ БЕС КҮНДІК ОҚУ АПТАСЫН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНДЫ

Назарбаев мектептерде бескүндік оқу стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы бұл туралы Парламент палаталары депутаттарының бірлескен отырысы барысында мәлімдеді.

"Дамыған елдердің мектептерінде бескүндік оқу аптасы енгізілген. Бұл баланың қайтадан қалпына келіп, педагогтың демалып, сабаққа дайындалуына мүмкіндік береді. Олардың кейбірінде, тіпті, сабақ аптасына төрт күн ғана болады. Мұндай форматқа өту - дамыған елдерге ортақ тренд. Ғалымдар да оқу аптасын қысқарту білім алу нәтижелі ететінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі ең құрғанда бастауыш мектептерге осындай жүйені енгізу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол мұның оңай іс емес екенін, дегенмен бұл мәселені қалай да қолға алу керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміздегі барлық мектепте Интернеттің үнемі жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуді тапсырды.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 938
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 790
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 612
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 640