Жұма, 3 Мамыр 2024
Өз сөзі 6660 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 14:02

ӨСКЕНБАЕВ: СЕНІМДІ АҚТАМАҒАНЫМ ҮШІН ЕЛБАСЫНАН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН

Жерді сату мен жалға беру мәселесіне қатысты «Abai.kz» порталына арнайы сұхбат беріп, көкейіміздегі қордаланып жатқан көп сұраққа нақты әрі дәлелді жауап беріп, мәселенің мән-жайын түсіндіруге тырысқан вице-министр Қайырбек Өскенбаев мырза да кеше бастығы Досаевтың соңынан отставкаға кеткенін хабарлаған едік.


Ұлттық экономика министрлігінің басшысының бұрынғы орынбасары Қайырбек Өскенбаев отставкаға кетуі жайлы пікірін және енді немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

«Өз кезінде сенім білдірген Мемлекет басшысына зор алғысымды білдіремін - мен екі рет вице-министр болдым, біріншісінде туризм және спорттың вице-министрі, екіншісінде ұлттық экономика вице-министрі болдым. Отанымның игілігі үшін жұмыс істеуге мүмкіндік бергеніне алғыс айтамын. Әрине, үкімет пен министрімнің сенімін ақтамағаным үшін Мемлекет басшысынан кешірім сұраймын. Өз отставкама тек жақсы жағынан қараймын және маған қатысты дұрыс шешім қабылданды деп есептеймін», - деді Өскенбаев. 

Қайырбек Айтбайұлы отставкаға кеткен соң нақты немен айналысатынын айтпағанымен, біраз уақыт демалуды жөн көрген секілді.

«Әзірше ештеңемен айналыспаймын, кішкене болса да демаламын, содан кейін өз қызметімді ұсынамын, жеке секторға баратын шығармын», - деді экс-вице-министр.

Ол Мемлекет басшысының Жер кодексінің нақты қай төрт нормаға мораторий жариялағаны жайлы айтқаны туралы сұраққа жауап берді.

«Қазір онда жер комиссиясы жұмыс істеп жатыр, олар қай нормалар жайлы сөз болғанын анықтайды, меніңше білікті мамандар мәселені шешеді», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Қайырбек Өскенбаев вице-министр болып тұрғанда жер заңнамасына қатысты б»здің порталымызға эксклюзивті сұхбат беріп, 49 жылға жалға алып отырған шаруалардың жерлерін ешкім тартып алмайтынын түсіндірген еді (http://abai.kz/post/view?id=7649).
Abai.kz

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 770
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 478
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 490