Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 5410 0 пікір 25 Желтоқсан, 2015 сағат 10:28

"УАҚЫТ ТАҢДАУЫНЫҢ" ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің «Уақыт Таңдауы» – «Выбор Времени» Агенттігімен бірлескен жобасына сәйкес Жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі байқаудың төрт аталым бойынша жеңімпаздары анықталды.

 

«Жылдың үздік облыс әкімі» аталымында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов жеңімпаз деп танылды.

Ол Мемлекет басшысының облысқа келген іссапары барысында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда елеулі шараларды жүзеге асыра алды. Өнеркәсіпте 4,5 пайыз өсіммен 456 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өзінің іскер облыс басшысы екендігін байқатты.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Жылдың үздік жоғары оқу орны» атанды.

Кенжеғали Кенжебаев басқаратын университет шәкірттерді онлайн оқытуға арналған тегін интеллектуалды Stereo 3d MIOC-School бағдарламасын жасады. Әрі оны жүзеге асырудың Қазақстан көлемінде басты драйверіне айналды.

Ал аты әлемге әйгілі боксшы Геннадий Головкин Жылдың үздік спортшысы атанды.

 Ол WBA, IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC-дің уақытша чемпионы. Жерлесіміз кәсіпқой бокс рингінде 34 рет кездесу өткізіп, оның барлығында қарсыласынан басып түсті. Сондай-ақ 21 жекпе-жекті қарсыласын нокаутқа жіберумен аяқтады.

Биыл  «Жылдың үздік әншісі» номинациясы эстрада мен опералық өнерді қатар ұштастырып келе жатқан Ләлә Бақытнұрқызына бұйырды.

Ол 2015 жылы гастрольдік сапарлары мен бейнебаяндары арқылы көрермені мен тыңдармандарының ыстық ықыласына бөленді. Өзінің таңғажайып дауысымен, бишілік қабілетімен әріптестері арасында оқ бойы озып тұр. Ол бүгінде қазақ өнерінің шынайы жарық жұлдыздарының бірі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 693
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 492
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 420
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 429