Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3221 0 пікір 23 Қараша, 2015 сағат 14:50

ЕСІРТКІ АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН ЕКІ АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар шекарадан есірткі заттарын өткізуге тырысқан қазақстандық екі азаматты ұстады деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің   баспасөз орталығы.

Атап айтқанда, «Ауыл-теміржол» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары (қазақ-ресей шекарасы) осы жылдың 22-қарашасы күні №376 «Астана -Лениногорск» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жасаған қызметтік ит вагондағы жүк салғыштың ішінен 10гр марихуананы алып шықты.

Аталған дерек бойынша «Игорь» есімді, 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.  

Ұстау материалдары Семей стансасының желілік ішкі-істер бөлімінің қызметкерлеріне берілді.  

 

Бүгін түнде, яғни осы жылдың 23-қарашасы күні Петропавл шекара отрядына қарасты «Жаңажол - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары 02сағат 15минутта «МАЗ» жүк көлігімен елімізден РФ-ға өтіп бара жатқан, 1990 жылы туған «Кирилл» есімді азаматты ұстады.    

Себебі, шекаралық бақылау жасау кезінде оның күртесінің қалтасынан 2-3 гр марихуана табылды.  

Ұстау материалдары СҚО Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 702
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 510
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 428
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 444